Home » Author Archives: admin (page 4)

Author Archives: admin

Қайрат Рысқұлбековтың соты әділетсіз болды

Мен бұл арызды жазу себебім, 1986 жылы желтоқсандағы болған жағдайды қайта тексеріп жатқанын газетте шыққанын оқып, сіздерге жазуды ұйғардым. Айтайын дегенім: кезінде бірге оқыған, бір жатақханада, бір бөлмеде жатқан жолдасым Рысқұлбеков Қайраттың тағдыры дұрыс шешілмеді. Себебі оған қойған айыпта ол адамды сағат 12.00. мөлшерінде өлтірді деген. Ал, мен оны сол күні сағат 11 жарым мөлшерінде Сатпаев-Ленин жағында көп кісілермен көргем. ...

Толығырақ »

1986 желтоқсанда оқудан шығып 1987 мамырда әскерге кетіп, 1989 мамырда келгенімде Қайраттың қайтыс болғанын естідім

1987-89 жылдары әскер қатарында болдым. Мен келгенде Қайрат қайтыс болып кеткен. Маған былай деп хат жазып тастап кетіпті. Хатта: «Бұл жерден мені бір Құдай ғана шығара алады. Мәскеуге барып әуре болмаңдар. Олар есігінен кіргізбек түгілі, тесігінен сығалатпайды. Бұл менің – тағдырым. Тағдырым талайымнан ендеше сабыр етемін. Мен Талғатпен бірге өстім. Ол ешқашан өтірік айтпайды. Дегеніне жетеді. Талғат әскерден келгенде түрмеде ...

Толығырақ »

М.С.Горбашевка Арал мәселесімен кіремін деп, Желтоқсан мәселесін айттым

М.С.Горбашевка Арал мәселесімен кіремін деп, кіріп алған соң Арал туралы бір сөз айтпай бастан аяқ Желтоқсан мәселесін айттым. Онымен келіспей қалған кездеріміз көп болды. Маған күш те көрсетті. «Сенің аузыңды жабам» деді. Оның сөзін Б.Ельцинге айттым. Ол мені қолдап: – Өзімнің адамдарымды саламын, бізде бұл мәселемен айналысамыз, – деді. Кейбір мәселелерді де оның ішінде Желтоқсанды да ол КГБ арқылы біліп ...

Толығырақ »

Желтоқсан көтерілісінің шығу себебі

1986 жыл – қазақ халқы үшін бір жағынан қасіретті, екінші жағынан тәуелсіздікті әкелген қасиетті жылдар болды. Д. Қонаевты орынан алып, Колбинды әкелген кезде көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар ақиқаттың талаптарын қоя бастады. Оларды тоталитарлық жүйе өлтіретінін өлтіріп, қамайтынын қамап, із-төзсіз күйге түсірді. Бұл қазақ тарихындағы 300-ге тарта 3 ғасырлық тарихтың шешуші кезеңі болды. Мұның шығуы, адам айтқысыз социялистік лагердің ішіндегі ...

Толығырақ »

Желтоқсан көтерілісінің салдары

Ұлт тәуелсіздігі мүддесінің үнін аспандатар сәт туғанда намыстың найзағайы болып жарқ етіп рухани сәулесімен санадағы түнекті сілкіп, барша ғаламды елең еткізді. Империялық саясаттың соңғы құрбандары Қайрат, Ләзат қатарлы жастардың есімдері ғасыр көкжиегінде жарық жұлдыздай мәңгі қалып қойды. Бұл көтерілістің салдары қыршын жастардың ерлігімен қылышынан қан тамған Ресей сияқты алып империяның жүзіне ұрылған тосын соққы болғаны шүбасыз. Отаршылдық-тоталитарлық жүйеге қарсы Қазақстаннан ...

Толығырақ »

ЦРУ -ДІҢ ДИРЕКТОРЫ ДАЛЛЕСТІҢ ҰЛТСЫЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ

Жалпы әлемдік билікті аңсаушы елдер түрлі ұлттан бір ұлт жасайтын «ұлы саясатта» қаржыны да, уақытты да, түрлі әдіс тәсілді де аянып қалмайтыны ақиқат. Мысалы, халық саны жағынан әлемдік біріншілікті ұстап отырған қытайды 200 ден аса ұлт пен ұлыстар құрағанымен, олар бір ғана қытай ұлтына айналған, қазір сақталып отырған 56 ұлтқада тықыр таянып қалған. Бұл жеңіс ханзуларға 5 ғасырдан кейін бұйырып ...

Толығырақ »

АХМЕД ИҮГІНЕКИ

                  АХМЕД  ИҮГІНЕКИ (12 ғасырдың аяғында 13 ғасырдың басында өмір сүрген)   Иә, Алла көп мінәжат етем Саған, Рахметіңді үміт етіп мен аңсаған.   Дәріптеуге өзіңді тіл жетер ме? Тіл өнерін төгейін жар бол маған.   Ұшқан құс, жүгірген аң барлығы да, Паш етер Сені бар – деп жөн бар соған.   Бірлігіңді білуге ұмтылғандар, Жалғыз заттан мың түрлі дәлел табар.   ...

Толығырақ »

Қаблиса (Қабан) жырау

Қаблиса (Қабан) жырау 1733-1824   Аларда ажал адамды Аларда ажал адамды жалындырар,             Өмірді қу ажалға бағындырар. Өмірден ажал үстем болар сонда, Адамды елпектетіп табындырар.   Біраз күн дүниеге қызықтырып, Үлде мен бүлдеге орап малындырар. Құрметтеп дүние шіркін айналдырып, Мойныңа гауһар, лағыл тағыңдар.   Көтеріп көңіліңді көтермелеп, Әр неге соқтықтырып қағындырар. Кей жанның мәртебесін биік етіп, Астына тақ, басына тәж салынар. ...

Толығырақ »

Желтоқсандағы кездесу. Гимназия Таугүл

Толығырақ »

SDU дағы кездесу

Толығырақ »