Home » Желтоқсан жыры

Желтоқсан жыры

Мұхтар Шаханов. Желтоқсан алаңы

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер… Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер, Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер… Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк, Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт. Сол арадан ...

Толығырақ »

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ: Желтоқсан алаңындағы жыр

Ұжданымды ұлтан етпек табанға, Қарғыс айтып қан соқталы зауалға. Айналып жүр қазақтың кең аспанын, Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға. Ей, намыстың найзағайдай ұлдары, Қызыл тілін қылыш еткен қыздары! Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге, Жанарында – Желтоқсанның ызғары. Не көрдің сен қара жұлдыз, қара аспан, Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан. Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп, Саған қарай рухы ...

Толығырақ »

Әлібек Шегебай: Қайрат Рысқұлбековтың монологы

Армансызбын.., Ажалсызбын.., Азатпын, Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң. Ұлтым үшін ұлтарақпын, Аз десең, Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!   Көкбөрінің сіңіріндей сірімін, Сол үшін де ажалсызбын, тірімін. Шындық үшін құрбандыққа шалынып Шырылдаған құлындардың бірімін.   Талай-талай тоналдым да тапталдым, Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым. Көк көйлекті көктемеде туылып Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.   Күңіренсе үн шығады көрден де, Шертілмеген шерім ...

Толығырақ »

Бақытбек Смағұл: ЖЕЛТОҚСАН

ЖЕЛТОҚСАН Алтыныңды айырбастап қолаға, Отаныңды айналдырса молаға. Өз тіліңді босағаға лақтырып, Өз еліңде күн кешуге бола ма?!   Сол кешегі желтоқсанның аспанын, Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым. Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой, Намыс өлсе керегі не басқаның.   Сен қазағым шыныменен ұлысың, Ертең жайнап шығатұғын күн үшін. Ұл – қызыңның қаны судай шашылды, Бас алаңда басын тігіп тіл үшін. ...

Толығырақ »

Аманғазы Кәрібжанұлы: «Желтоқсан желі»

…Ұрыста бұл қанқұйлы Талай адам жан қиды. Колбинді алса әкелер Тағы да бір «Колбинді»… (Алаңда айтылған жырдан есте қалғаны. 17.12.1986 жыл).   Ортақ сырқат. Әділеттен қаймыққан соқыр үміт Санасында ақынның отыр ұлып. Шайқалақтап барады екпініме Уақыттың тағаны опырылып.   Ісім мазақ болғасын сайқалға мың Тынықсын деп тиылдым қайта арманым. Өткенімді өксіткен өкінішті Өзге түгілі өзіме айта алмадым.   Қасіретті көшірген ...

Толығырақ »