Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » 1986 желтоқсанда оқудан шығып 1987 мамырда әскерге кетіп, 1989 мамырда келгенімде Қайраттың қайтыс болғанын естідім

1986 желтоқсанда оқудан шығып 1987 мамырда әскерге кетіп, 1989 мамырда келгенімде Қайраттың қайтыс болғанын естідім

1987-89 жылдары әскер қатарында болдым. Мен келгенде Қайрат қайтыс болып кеткен. Маған былай деп хат жазып тастап кетіпті. Хатта: «Бұл жерден мені бір Құдай ғана шығара алады. Мәскеуге барып әуре болмаңдар. Олар есігінен кіргізбек түгілі, тесігінен сығалатпайды. Бұл менің – тағдырым. Тағдырым талайымнан ендеше сабыр етемін. Мен Талғатпен бірге өстім. Ол ешқашан өтірік айтпайды. Дегеніне жетеді. Талғат әскерден келгенде түрмеде жұмыс істейтін Үміт деген қызға жолықсын. Ол сол түрменің қасындағы жатақханада тұрады, Талғат сол қызға жолықсын. Қағаздармен үкімдерді алсын!» делінген. Оны сол Үміт дейтін кісі бір жыл бойы өзінде сақтаған. Хаттардың бірінде Қайрат: «16 күні түнімен адамдарды жинадым» дейді. Әуелі СМУ-15 жақтағы жастар жатақханасына барған. Одан кейін мақта комбинатының, одан кейін менің жатақханама келгенін жазды. Одан ары: «Мен Амалбеков деген қазақ милициясын ұрғаным бар. Осы жағдай қайталанса тағыда ұратын едім, бірақ, Савицскийге қатысым

жоқ» дейді. Кейін мені заңгер Елена Фокина мен Аркен Уақов іздеп тауып алды. Сонда Аркен:

Қайрат тірі болғанда оған тізелеп тұрып рахметімді айтар едім. Қайрат «Мен ұйымдастырушымын» деп сотта да айтты, – дейді. Валесенконың айтуынша пәленің бәрі Цыган В.Кузнесовтан шықты. Ол үшеуі бір камерада отырған. Кейін Валесенко түрмеден шыққанда оын біреулер өлтіріп кетіпті. Мен куагерлерді оның ішінде Ертайды оны сол ауылынан ізеп тауып, Түсініктемесін М.Шахановтың алдына әкеп бердім. Қайратты ақтаған кезде Айтмұханов шешемнің қолынан ұстап тұрып, басқаша сөйлей бастады. Мен ашуланып орнымнан тұрғанымда, қасымдағы Коммунар Табаев ұстай алды. Сотта, тергеуде ол оқыған институттан сотталған екі жігіт: «Қайрат біздің қасымызда болған» десе кейін басқаша айтады. Бірақ «ақиқат иіледі, сынбайды» шындық өз ақиқатын көрсетті. Демек ұлттың ұлы болу, еркін аспанда еркелеу емес, миллион халықтың басына қатер төнгенде жанын, ғазиз басын халық мүддесі жолына арнау керек екенін 21 жастағы Қайрат бауырым алып империяның алдында дірілдемей дәлелдеді. Бұл халық жолында шаһит болудың шыныда сұлу өлім екенін үнсіз көрсетті.

Желтоқасан күрескері Талғат Рысқұлбек

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*