Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » Қайрат Рысқұлбековтың соты әділетсіз болды

Қайрат Рысқұлбековтың соты әділетсіз болды

Мен бұл арызды жазу себебім, 1986 жылы желтоқсандағы болған жағдайды қайта тексеріп жатқанын газетте шыққанын оқып, сіздерге жазуды ұйғардым. Айтайын дегенім: кезінде бірге оқыған, бір жатақханада, бір бөлмеде жатқан жолдасым Рысқұлбеков Қайраттың тағдыры дұрыс шешілмеді. Себебі оған қойған айыпта ол адамды сағат 12.00. мөлшерінде өлтірді деген. Ал, мен оны сол күні сағат 11 жарым мөлшерінде Сатпаев-Ленин жағында көп кісілермен көргем. Ал, оған қойылған айып Сатпайев-Мир көшесінде жасалған деп көрсетті. Ал бұл мүлде уақыт қисынына сай келмейді. Өздеріңіз білесіздер ол кезде Сатпаев көшесіне ол тік өте алмас еді. Фурманов көшесіде жабық еді.Ол тек қана Ленин көшесі мен Абай көшесіне түсіп, одан Мираға жетіп, онымен Сатпаев көшесіне көтерілуі керек. Ол соншама адамның ішінде жүріп, айтылған жерге жүгіріпте жете алмас еді. Сол себепті ол қылмыс істеді деген айыпқа сену мүмкін емес. Қортындылай келгенде, Рысқұлбеков Қайраттың ісін қайта тексерулеріңізді сұраймын.

Талғат Ахметханов 16 –ақпан, 1990 ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*