Home » Желтоқсан жыры » Аманғазы Кәрібжанұлы: «Желтоқсан желі»

Аманғазы Кәрібжанұлы: «Желтоқсан желі»

…Ұрыста бұл қанқұйлы

Талай адам жан қиды.

Колбинді алса әкелер

Тағы да бір «Колбинді»…

(Алаңда айтылған жырдан есте қалғаны. 17.12.1986 жыл).

 

Ортақ сырқат.

Әділеттен қаймыққан соқыр үміт

Санасында ақынның отыр ұлып.

Шайқалақтап барады екпініме

Уақыттың тағаны опырылып.

 

Ісім мазақ болғасын сайқалға мың

Тынықсын деп тиылдым қайта арманым.

Өткенімді өксіткен өкінішті

Өзге түгілі өзіме айта алмадым.

 

Қасіретті көшірген қанша реткі,

Мазмұнымды ақиқат мансұқ етті.

Намысымды бақталас уақыттың

Есі ауысқан екпіні жаншып өтті.

 

Шындықтың да шайылып кетті аралы.

Пенделіктің ызғары бет қарады.

Мен мезгілге,

Мезгіл де маған сыймай,

Сәйкессіздік аяусыз жеп барады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*