Home » 10 ғасыр жырлайды » ЖҮСІП ХАС ҚАЖЫБ БАЛАСАҒҰНИ

ЖҮСІП ХАС ҚАЖЫБ БАЛАСАҒҰНИ

Халқымыздың өз алдына егемендік алғаны құт береке әкелді. Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге асты. Ұлттың негізін құрайтын діні, тілі, тарих жадымызды жюуды, сол арқылы жерімізді алуды мақсат тұтқан отаршыл империя келмеске кетті.Сонау арғы аталарымыз түркілер жеке мемлекет құрып, Күшейтіп «Түркі қағанаты» деп атаған. Қарахан мемлекеті тұсында, Қарахан өркениетін қалыптастырып, бүкіл әлемдік өркениетке ықпал еткен. Демек біздің арғы бабаларымыз көп қырлы, парасатты, ермінезді ақын халық болған. Олардың жырларының басты тақырыбы да, Алла мен Мұхаммет с.ә.у-ның ақиқат жолын жаны мен зарымен насихаттаған. Иман мен әділетті бұлжымас ұстанымы қылған. Ешқандай сергігі жоқ жалғыз Алланы, халыққа қызмет ету мен адам болуды тынбай дәріптеген. Сол бабалардың алдаспан жырларын назарға ұсынамыз!

 

ЖҮСІП ХАС ҚАЖЫБ БАЛАСАҒҰНИ  

 

            (Шамамен 1020 жылдары өмірге келген, қайтқаны белгісіз)

 

Әзиз уаұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады

 

            Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!

Шексіз құрмет, шүкірлік мыңда бір,

Ол мәңгілік лайық кіл қадір.

 

Жаратты Ол: жасыл көк, Ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

 

Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол» – деді де, бірден бәрін болғызды.

 

Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана, жалғыз, шері, мұңы жоқ.

 

Ай, ерікті, күшті, мұңсыз құдайым,

Бұл есімдер саған ғана лайық.

 

Ұлылық сен, серігі жоқ жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең.

 

Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғыда Өзің, Сарасың

           

            Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,

Сынақтан тыс, қатынассыз бір Дара.

 

Іш пен сыртты бірдей білген Алыссың,

Көзден – жырақ, көңіліме жақынсың.

 

Жараттың Сен кішісің де, ірісің,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.

 

Жаралғанға түгел анық жаратқан,

Қос дүниені анық қолға қаратқан.

 

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,

Қара түнді жарық еттің күндізбен.

 

Қанша ұшқан, жүгірген, жүзген, інде өскен,

Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.

 

Көк үсті мен жер қойының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.

 

Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр.

 

Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,

Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.

 

Сйындым мен, Сенде үміт, сенім де,

Өзің қолда мұңға батқан жерімде!

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*