Home » 10 ғасыр жырлайды » АХМЕД ИҮГІНЕКИ

АХМЕД ИҮГІНЕКИ

                  АХМЕД  ИҮГІНЕКИ

(12 ғасырдың аяғында 13 ғасырдың басында өмір сүрген)

 

Иә, Алла көп мінәжат етем Саған,

Рахметіңді үміт етіп мен аңсаған.

 

Дәріптеуге өзіңді тіл жетер ме?

Тіл өнерін төгейін жар бол маған.

 

Ұшқан құс, жүгірген аң барлығы да,

Паш етер Сені бар – деп жөн бар соған.

 

Бірлігіңді білуге ұмтылғандар,

Жалғыз заттан мың түрлі дәлел табар.

 

Бар қылды Жаратқаным мені жоқтан,

Жоқ етер Аллаһ тағы бар қылмақтан.

 

Тәубе қыл, шак келтірме, желік қумай,

Тұрғанда өзің өлмей оттан сақтан.

 

Жаратты жалғыз Аллаһ күн мен түнді,

Біріне-бірін ертіп жүргізеді.

 

Бір Аллаһ өлтіретін, тірілтетін,

Көрерсің сенде оны көзің жетіп.

 

Иесі құдіреттің жалғыз Құдай,

Өлгендерді тірілту оған оңай.

 

Айтайын артықтығын Пайғамбардың,

Ұғып ал толғауымен ой мен ардың.

 

Құт қонған ізгінің ол ең кемелі,

Ішінде жетері жоқ жаны бардың.

 

Еске алып оның атын мақтаған тіл,

Шекер мен балын татар ынтызардың.

 

Қияметте шапағатын нәсіп етсін,

Дұға етіп, сөзін айтам тәнті зардың.

 

Ей, Аллаһ қатесі көп, мен құлыңның,

Жіберші, кешіруші мені кешіп.

 

Құтылам бәр пәледен рахым етсең,

Қолға алсаң болар менің халім нешік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*