Home » 10 ғасыр жырлайды » Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы

1802-1871

 

Иманды бұл дүниеде ер сұрайды,

Тітіреп дәретсізден жер жылайды.

Көп жеген кісі ақысын залым-зұлым,

Бек қысып қабырғаңнан көр сұрайды.

 

Иманы адал құлдың дайын болар,

Көңілге жамандығы аян болар.

Бұлдаған сүтін, күшін сүт қорлықтар,

Көріңе өлгенен соң шаян толар.

 

Ей, мұсылман қарындас,

Әкеңнен алған ақылың,

Қазылған қара жолмен тең,

Жақсысы кімнің бар болса,

Алдыңда сары балмен тең.

Жақсыдан алған ақылың,

Сайдан келген желмен тең.

 

Көп жаманның мінезі,

Жиылып келген жынмен тең.

Көтерілген көп жаман,

Көшпелі жолдан адасса,

Көпте болса азбен тең.

Қаптаған боран ашылса,

Жадыраған күн, жазбен тең.

 

Халайықтар жарандар,

Халқыңменен тату жүр.

Өтетұғын сұм дүние,

Қаңқылдап ұшқан қазбен тең

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*