Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » 1986 жылы Желтоқсанда көтеріліске, Қазақтан басшы болсын!-деп, шығып едік

1986 жылы Желтоқсанда көтеріліске, Қазақтан басшы болсын!-деп, шығып едік

Құранда Мұса ғ.с. қауымын Шүкіршілік етпегені үшін, АЛЛАҺ ТАҒАЛА ұрпақ ауысып, тазарсын деп, 40-жыл адастырды. Біздерді содан аман етіп, Бейбітшілік болып, ырзық несібемізді арттырып, Тәуелсіздігіміз қияметке дейін жалғастырсын!-деген ниетпен, Осы сайтты ашып отырмыз. Және де Қазағым ой түйіп, амал етер деп,сенім білдіреміз. Ежелден еркіндік аңсаған, деп әндетеміз. Бірақ сол еркіндікке жетіп ек, қайта бұлданамыз.
Абай атамыз айтқандай, Бұл қазақ тыныштық іздеп, аңсайды. Тыныштық келсе, бір-бірін түртіп бәле іздейді, деген тұрғыда қамығып айтқанындай, сол бәле іздеген қазақ әлі де арамыздан шығып жатады. АЛЛАҺТЫҢ қалауымен, Керей мен Жәнібек себепкер боп, Қазақ хандығы құрылғаннан кейін, екі ғасырға жуық бейбітшілік орнапты қазақтың кең даласында. Бертін келе тыныштықтан жалыққандай бірін-бірі түртпектеп, аяғы сол жоңғарға шабылдық. Ағайын өкпеге қиса да,өлімге қимайды дегендей, өкпесін тастап, ес жиып, Абылайдың ақ туының астына жиылғанша, жоңғар дендеп, қазақтың жартысын да жаулап үлгерген еді. Хош сонымен бір жағадан бас шығарып, жауды Аңырақайда ойсырата жеңіп, барса келмеске аттандырған жайымыз бар, бұл қазақтың. Иә, АЛЛАҺ ТАҒАЛА Құранда, Ең үлкен күнә АЛЛАҺҚА серік қосу екенін айтқанын, қазақ біле тұра. батыр бабаларымыз қайтыс болған соң-ақ, АЛЛАҺ жар болсын, әруақ қолдасын деп, күнәнің кешірілмейтін қорасына дараңдап, бір-бірімізді баса-жаншып, топырлап кіре бастадық. Ондай қауымды тастап қоям, деген АЛЛАҺТЫҢ қаһарына сай боп, Орыстың қамытын өз еркімізбен барып, таласа-тармаса киіп, шыға келдік.Орысқа не керек, шұрайлы қазақтың кең байтақ жерін, Сыйға алғандай сыпыра бастады. Діні жоқтың,дымы жоқ, дегенді түсінген орыс, бірінші Дінімізді алды, сосын қалғаны өз-өзінен кете бастады.Бабаларым 300 жылға жуық 300 ден астам көтеріліс жасап, небір зорлық пен зомбылықтың тауқыметін көрген Қазаққа, Егемендік оңай келе қойған жоқ. Ата бабамыздың қаншама жерде қаны төгілді. Сонау Ермакпен соғысқан Көшім хан. Одан бертін,Исатай-Махамбет, Амангелді, Кейкі батыр, арғы бетте Оспан батыр, 37-жылдарғы нәубет, 86-жылғы Желтоқсан көтерілісі, осылардың бәрінің жемісі бұл-ЕГЕМЕНДІК! Ендеше Егемендік оңай келмегендігін түсінген, дені дұрыс адам, Оны ұстап тұру одан да қиын екенін түсінер еді. Сондықтан да тұштаңдап, не болса соны ілік қылмай, Шүкіршілігімізді арттырайық. Кемшілігіміз жоқ емес, Бас жарылса, бөрік ішінде, Қол сынса, жең ішінде, деген Қазақпыз.

Сөзіміздің басында айтқандай, Құранда Мұса ғ.с. қауымын Шүкіршілік етпегені үшін, АЛЛАҺ ТАҒАЛА ұрпақ ауысып, тазарсын деп, 40-жыл адастырды. Ендігі жерде Олардың қамытын кию, кимеу сіздер мен біздің қолымызда!
“Тура биде туған жоқ, туғанды биде, Иман жоқ”- деген бабаларымызға сай, Имандылық пен Әділдікті алға қойып, сөзіміздің мәйегі де, нәрі де, ең бастысы Ел болуымыздың нақты жолы Ол.-НИЕТ! Сондықтан да ниетімізді дұрыстау әр Қазақтың міндеті! дей келе, Желтоқсан көтерілісінің алғашқы ұйымдастырушысы, ең алғаш құрылған “Желтоқсан” ұйымының төрағасы, Бақтыбек Иманғожаның жиі айтатын, Ниетке байланысты, Омар р.а. келген мына хадиске амал етейік БАУЫРЛАР!
АЛЛАҺ Елшісі С.Ғ.С. “Расында, іс-амалдар ниетке байланысты және әрбір кісіге ниеттенген нәрсесі тиесілі. Кімде-кім мал-дүние табу үшін, немесе әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”!

Талғат Рысқұлбеков

3 пікір

  1. Алматылық әріптес

    Алла разы болсын. Сайттарыңыз керемет екен. Алла Тағала игі бастамаларыңызды қайырлы етсін.

  2. намысшыл бала

    өкінішке орай сол намысшыл Қайраттардың артынан ерген қандастары ұсақталып кетті.
    2011 жылы Мәскеуге тікелей бағынатын қазақ билігін қолдарына алған орысқұлдан Жаңаөзендегі қандастарымызды автоматпен қуып жүріп атқанда Қайраттың артынан ерген інілері болсын, замандастары болсын билікке “ҚОЙ!” дей алмады, керісінше ақордада отырған орысқұлдардың бұл қылмысын ақтап алды.

  3. Намысшыл бала; сен 1986ж. аланга шыккан желтоксаншылармен 2011жылы (быр тамагым,быр таягым) деп шыккан адамдардын . Максат,талабын салыстрмасаншы…..

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*