Home » Желтоқсан көтерілісінің салдары » Колбиннің ит өлімі – жазықсыз жастардың лағынеті

Колбиннің ит өлімі – жазықсыз жастардың лағынеті

1998 жыл. Мәскеу метросында, зырлап бара жатқан пойыз ішінде бір қарттың жүрегі тоқтап қалды. Жетпіс бір жастағы шалдың басынан бағы тайған емес еді. Бірақ абыр-сабыр қалың нөпір оны танымады. Жедел жәрдем қызметкерлері бейбақтың мүрдесін мәйітханаға жеткізді. Оны іздеген ешкім болмады. Бес күн өтті. Дәрігерлер бұл күнде мүрдені сойып, неден өлгенін анықтап қойған. Келесі кезекте “қаңғыбас” деп танылған мәйіт мединститут студенттерінің “ермегіне” айналды. Сойып, түрлі тәжірибелер жасалды. Шалды “қаңғыбас” ретінде тіркеп, артында сұрауы жоқ марқұмдардың моласына жерлемек болған еді. Соңғы сапар алдында милиция қызметкерінің бірі әлгі мәйітке бір қарап, Қазақстан Компартиясының бұрынғы Бірінші хатшысын тани қойды. Геннадий Колбиннің мәйіті туыстарына осылай тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жақын-жұрағаттарынан басқа ешкім қатыспады. Не Кремль, не Ульяновтан ресми тұлғалар келмеді. Қазақстан басшылығы да арнайы сапартоп жібермеді…

Геннадий Колбин Ульянов обкомынан Қазақстанға келгенде Төлебаев көшесіндегі пәтерін 33 мың рубльге күрделі жөндеуден өткізді. Ал ол кезде үш бөлмелі пәтердің құны 10 мың рубль болатын. Ал үш қызы мен заттарын транспорттық ұшақпен жеткізуге Қазақстан бюджетінен 27 мың 700 рубль жұмсалды. Бұл да түк емес. Екі иті мен әйелін арнайы ұшақпен 7 мың 700 рубльға әкелді.
Колбин Қонаевтың жұмыс кабинетіне алғаш рет кіргенде – ортада тұрған үлкен глобусқа қатты таң қалды. “Мұншама глобус Қонаевқа не үшін қажет еді?!” деп жиын сайын айтумен болды. Ал Қазақстан республикасының Ульянов облысын отыз орайтын, әлемде жер көлемі бойынша 9-орында тұрғаны қаперіне де кірмеді.

Шымкентке бір барған сапарында “Қазақ етті жақсы көретін халық екен. Енді малдың ішек-қарнын тазалап, басын кесіп алып, сатылымға терісімен шығарамыз” деп бөсті. “Неге?” деген сұраққа: “Сонда әр қойдың терісі 1,5-2 келі, ал сиырдың терісі 15-20 келіден тартады. Бұл қосымша салмақ. Сонді біз Қазақстанда қосымша 8 мың тонна еттің мәселесін шешеміз. Бұл нәрсенің республикамызға пайдасы қанша екенін білесіздер ме?!” деді. Кейбір ақылды кісілер терінің шикізат екенін, оны өңдеп, халық тұтынатын басқа да заттар жасалатынын айтып түсіндірмегенде – елімізде терісі сыпырылмаған еттің сатылуы да мүмкін еді. Колбин республиканы етпен қамтамасыз ету мәселесіне қатты бас қатырды. Бұрынғы Мао Цзе Дун секілді жыл құстарын жаппай атып алу туралы да бастама көтерді. Бірақ бақытымызға орай ол күнге жеткен жоқпыз… 

Қазақ ешкімге ит өлім тілемейді. Абыройсыз өлімді де ақтап алуға тырысады. Тіпті, болмады дегенде ол туралы жақ ашпайды. Саусағын шұқшитып, бетіне баспайды. Бірақ Колбиннің ит өлімі – маған жазықсыз жапа шеккен жастардың лағынеті секілді.

2 пікір

  1. Алмат Ержанов

    Жазыксыз атылган жастардың
    Тогилген коз жасы, нала ма?
    колбин ит ауганда бастан кун
    Ит кусап олипти далада.

    Казакпыз. Кенпейил демес пе?
    жуаспыз биз деген койдан да.
    топырак татиды емес пе
    токтынын ети де тойганга!

    бул Колба бир кезде масыгып
    казакты озбек деп корлаган.
    Жел созге исинип тасынып
    кеудесин кере ме арлы адам.

    Темирдин бола ма тозбасы?
    байлык жок сира да тугелмес.
    жастардын каны мен коз жасы
    ешкимди жазасыз жибермес.
    А.Ержанов

  2. Қазақтың намысын, арын, ұлттық мүддесін таптаумен келген Кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны болған, жазықсыз жапа шеккен, өз елін шынайы, пәк махаббатпен сүйгені үшін жазықты болған, желтоқсанның аязында алаңға шыққан 1986 жылғы желтоқсаншылардың ерлігі ел есінде мәңгілікке қалмақ! Сол жылғы қазақ жастарын аяусыз, аса қатыгездікпен қырған антұрғандар екі дүниеде де опа таппасына сенемін. «Тәуелсіздік күні!» деп бөрігімізді аспанға лақтырып, қуанбас бұрын сол патриот жастардың ұлтымыздың намысын қалай қорғап, қандай құрбандыққа барғаны әр қазақтың есінде болсын! Себебі сол жандардың арқасында қарамағындағы халықтарды темір торға қамағандай тар қапаста ұстап, артық ауыз жақ аштырмаған, қатыгез Кеңес билігіне, барша әлемге ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР Қазақ халқының қандай намысшыл, қайсар екенін ұқтырды. Олардың қаншамасы қыршынынан қиылды, жалған жаламен түрмеге тоғытылды, қанішер, жауыздардың қолынан қаза тапты, қаншасы мүгедек боп қалды! Ал олар өрімдей жастар еді, өз елінің жарқын болашағының қалыптасуына өлшеусіз үлесін қосатын, қызмет ететін, өз өмірлерін қалыптастырып, отбасылы болатын!… Сол себепті тәуелсіздік күніне арнап өлең шығармас бұрын, осы желтоқсаншыларды есіме алып, солардың ерлігін жырлауды жөн көрдім. «Тәуелсіздік үні» деп аталатын өлеңім осы желтоқсаншыларға арналады!

    Тәуелсіздік үні

    Тәуелсіздік – қазағымның орындалған арманы,
    Сол үшін де құрбан болған қыршын қазақ жастары.
    Тәуелсіздік сан мыңдаған ғасырларға барады,
    Қазақ халқы тарихында аңыз болып қалады.
    Құрбан етіп талай өжет қазақты,
    Жетті міне, тәуелсіздік таңы атты!
    Бұл туралы талай адам жазады,
    Шындық іздеп, көп нәрсені қазады.
    Болған іс пен ақиқатты табады.
    Шындық түбі ашылып та барады.
    Ұмытылмас желтоқсанның азабы,
    Толып қалған жас гүлдердің мазары…
    Үміт пенен жасқа толып жанары,
    Жүрді алаңда қайсар қазақ жастары.
    Заман шіркін, не боп өзі барады?!
    Өз елінің қамы үшін күрескен,
    Неге оларды ұрып-соқты, сабады?!
    Қаруланған, топ-топ болып бірлескен,
    Қатал еді, қара ниет әскерлер.
    Жүрек жұтқан жауыздар ғой, баскесер!
    Қырды-жойды, қызыл қанға алаңды айналдырды,
    Өн бойында қазағымның қанындағы қайсарлығы.
    Көрінбеді,
    Сол заманның басшысының ізгілігі, байсалдығы.
    Өкінбеді,
    Жарқын жасты қыршынынан қиғанына,
    Осылайша оларды тоқтатпақ па, тыймағы ма?!
    Талай жылдар қазақ елін басқарып,
    Келді емес пе, енді неге жол бермеген қазақққа?!
    Әлде бұл ел, олар үшін тұрады ма мазаққа?!
    Қоймады ғой,
    Қазақтарды қазаққа ғана басқартып,
    Тастар еді-ау қазақ-басшы талай жұмыс атқарып.
    Бірақ заман қатал еді сол кезде,
    Тәуелсіздік қайдан келсін тым лезде?!
    Қазақтың батыл, өжет жастары,
    Азаттыққа көтеріліс бастады,
    Жүректерге үміт отын тастады.
    Колбинді басшы қылған адамдар –
    Қазақ халқын сыйламаған жамандар,
    Саясаттан хабары жоқ надандар.
    Айқын еді олардың,
    Қазақ халқын қырып-жойып тастары,
    Құқықтарын, ар-намысын аяғына таптары.
    Осылардан көтеріліс басталды.
    Түскен талай қарсылықта апалардың шаштары.
    Кеткен талай жазықсыздан ағалардың бастары.
    Ағып жатқан қанмен бірге қара көзден жастары.
    Азап шекті, жас жандарын ауыртты да, қинады,
    Азаттықтың азабы кеуделерге сыймады.
    Әділет пен бостандыққа ұмтылмасқа болмады.
    Қарулы күшпен қайсар қазақ жастарын,
    Баса алмады, тоқтатпады, тыймады!
    Қыршын қиды талай қазақ жастарын,
    Әділдіктің осы ма еді болғаны?!
    Өздерінше әділ-сымақ болмағы.
    Жауыздықтың жалауына түсіп қалған жандардың,
    Сезімдері, жан ауруы, қатал қысқа тоңғаны,
    Құрбан болып, шашылған қанша қандардың,
    Сезінейік, қастерлейік бар нәрсені қолдағы.
    Құрбан болды талай жастың жандары,
    Гүлдемей-ақ жас гүлдердің солғаны!
    Өкінішпен еске алумен оларды,
    Оралмады, орны қайтып толмады.
    Бақыт құсы ұшып келіп, қонғаны –
    Бостандықтың,
    Биліктің де өзімізде болғаны.

    Қаражан Фариза Талғатбекқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*