Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » ЖАҺАНДАНУ ҚАЗАҚҚА ДЕМОКРАТИЯАНЫ ЖЕЛЕУ ЕТІП КЕЛУІ МҮМКІН

ЖАҺАНДАНУ ҚАЗАҚҚА ДЕМОКРАТИЯАНЫ ЖЕЛЕУ ЕТІП КЕЛУІ МҮМКІН

Бүгінде әлемге аты шулы аю мен айдаһардың ортасын отырған қазақ мемлекеті, ірі сынақтардың өзегінде…  Қазаққа 300 жылдық отарлықтың салдары адам айтқысыз ауыр болсада жауынгер, текті халық екенінін танытып, бірінші Аллаһ, екінші бойда бар болымыс керек кезінде теуіп шықты. Құрлықтың алтыдан бірін алып жатқан социялистік лагердің ішінде ақыра теңдік сұраған халықтар көшбасында қазақ қана болды. Бостандық іздеген жер бетінде бір ұлттың бар екенін, мынау  тәкаппар дүниенің алдында еш бүгілместен жаңғыртты… Дажжалға сілтенген жойқын соққыдай білінген Желтоқсан қозғалысы ТМД жұртына ғана емес, әлемге ой салды… Айтайын дегенім, «Барды барымталамай тұрғанда» қаперге салатын ойлар бар.  Қазақ қоғамына жаһандану демократияны желеу етіп келуі мүмкін  алайда, сол демократияның түбі азғындыққа, хайуандыққа барып тірелетінін білетін кез жетті.  Дәл мұндай кезде қазаққа салқын сабыр, суық ақыл керек.

Батыстың алаулатқан аты әдемі сол «демократия», «Адам құқы» дегендер көптеген халықтардың бойындағы асыл қасиетін жоқ етуде… Бір ғана мысал, қызы зина жасап ұсталса, әкесі қызына ұрысса «Адам құқына» қол сұқтың деп Шветция заңы әкесіне айыппұл салады немесе қамауға алады. Көзқарашығы қызын көз алдында жамандық жасауына жол ашып тұр. Мұнан өткен зұлымдық бола ма? Қайдағы «Адам құқы», қайдағы демократия?

Некедегі екі адамға ғана құпия жыныстық қатынастарды Еуропа елдері аты шулы өнер, қырғын бизнес қылып алғандығынан рухтан айырылып, өзін өлтіру оқиғасы сағат сайын қайталанып отырады. «Заңға бағынған құл болмас» деп Бауыржан атамыз айтқандай, заңсыз тек қана адам аздыратын демократия кімге керек? «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей Қазақстанға демократия орнатамыз деген желеумен халықты билікке қарсы соғысуға күш беріп, Туыңды жығып, өзінің «Азғын демократиясын» енгізсе не істейсің? Ондайда Еуропаң да, Америкаң да қазақты талап жеуге екі бастан дайын. Қош сонымен көршілерімізге келейік.

Күншығыстағы айдаһар атымен әлемге мәлім көршіміз күрделі дипломатиялық саясатқа ие мемлекет. Буын құрт сияқты жұмсақ, мейірімді болып көрінуге бейім. Демократиялы халық болып танылған тарихта. Бірақ ол демократия қазіргіден мүлде басқаша. Сан жағынан мол елдерді, сол Қытай телегейі жұтып, жоқ қылып жіберген ежелден. Өйткені, оларда ертеден бұлжымас ережелер бар. Қытай  тамыры тереңде. 5 мың жылдық тарихқа ие болғандықтан, олардағы Конфуций, Луби, атақты Күңзі сияқты даналыққа жеткен кісілердің сөзімен мемлекетті кемелдендіру шарасын осы мыңжылдық қарсаңында жүзеге асырған. Демек, мемлекетті зиялылар басқару керек дегеніміз осыдан шығады.

Нақтырақ айтқанда, Қытайлар үшін бірінші орындағы мәселе.  Бұл бағытта кейбір елдер әлсіз келеді. Кіші мемлекеттердің солқылдақ заңын және қарама-қарсы күштерді пайдалану арқылы межеге жетіп отырады. Бұлар сол бостықты ұтымды пайдаланып, өзінің идеологиясын бір жола сіңіреді. Осыдан кейін өзге әлсіз, тамырсыз, рухы тоналған ұлттар қытай идеологиясының құшағына өздігінен кіргізіп отырады.

Мысалы, ертеде түркілердің Ли сыма атты Қағанаты өз еркімен Қытайдың құшағына тығылған. Оның да себебі бар сол кездегі түркі халықтары өз-өзімен қырғын болып жатқандықтан өзге жұрттарды бейбітшілігімен, өркениетімен қызықтырып отырған. Атап айтарлығы көп соғыс көрмеген халық.

Демек, ертедегі Қытай жоғары-төмен босудан шаршаған, мекені жоқ, мәдениеті, өнері жоқ ру және тайпаларды өзіне сіңіріп алып бір ұлтқа айналдырып отырған. Этникалық қытайлардың қанында ежелгі ғұндардың, түркілердің, кидандардың, моңғолдардың, жүржіндердің, манжүрлердің қаны бар дегенге сенемін.

«Ең алдымен өзіңді мықты ұста. Сен мықты болсаң ел сенің маңайыңа өзі-ақ жиналады», деп Конфуций айтқан. Және қытай көсемі Мауенің «Ақ мысық, қара мысық тышқан алса бәрі мысық» деген сөзін ұранға айналдырып үлкен саясат сахынасына шығарған.

1949 жылы жаңа құрылған үкіметі салтанатты түрде; «бұл құрылған үкімет, Қытай Республикасындағы бүкіл халыққа өкілдік ететін бірден бір заңды үкімет. Егер қандай да бір елдің үкіметі теңдік, өзара тиімділік және өз-өзіне қожа болу мен  территория тұтастығын өзара құрметтеу принциптеріне бойсұнатын болса, бұл үкімет онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ықтияр екендігін де білдіреді», – деп жариялады. Қытайдың бүгінгі атқарып отырған саясаты міне осы.

Олар ешқашан жақын уақытты ойламайды. Қулығына құрық бойламайтындықтан алыс уақытты жоспарға алады. Әрбір қадамын үлкен мақсат, мұрат жолына арнайды. Мауенің «Жауыңды өзіңнен он есе жоғары бағала» деген тактикасын қарусыз идеологияда жақсы пайдаланады. Өз елінің ауыр проблемаларын шеше алмаған елдерге Қытайда, Америкада, Ресейде идеологияларын оп-оңай енгізе алады. Бізге алдын алу шараларын тез ойлауымыз тиіс.

Қытай секілді өз ана тілін, ұлтын, халқын шын жүрекпен сүйетін ұлт санасын оятуымыз керек. Ежелгі қазақтардан жалғасқан кезінде бізде ұлттық сана мықты болатын. Кейін социялистік лагер соның бәрін жоқ етті.

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиның « Мәшинаның маторы, самолеттің  қанаты бізде – ұлттық сана жоқ екен» дегені көп жайлардан хабар берсе керек. Адамды өлік емес, тірі күйде ұстайтын ұлттық сана бізде әлі оянбай тұр…  Сол ұлттық сана оянған кезде ғана біз Қытай, Ресей сияқты елдермен тең қарым-қатынас орната аламыз.  Демек мұнан шығатын қортынды, олардың өмір сүру қағидасы діні, ділі бізден аспанмен жердей алыс екенін көрсетеді. Бүгінде көп айтылып таптауырын болып кеткен сияқты сөз бар, «Қара Қытай қаптаса, сары орыс әкеңдей көрінеді» деген. Бұл сөз дана бабаларымыз тарапынан шыққан, уақыт сынынан өткен қауыптың алдын алған пәлсапа.

Ол олма, теріскейімізде отырған Аюдан да сақ болу күн тәртібінен түспеуге тиіс. «Кәпірден досың болса, қойныңда балтаң болсын» деген бабаларымыз жалған дүниедегі қауыптың не екенін жақсы білген. Сондықтан сақтық керек.

Украин оқиғасы Қазақстанға үлкен сабақ болды. «Біреу өлмей біреуге күн жоқ» дегендей Украинаға келген пәле, қазақтың тыныстап, есін жиып алуына үлкен мүмкіндік береді. Украин Ресейдің тамағына тұрып қалған сүйек тәрізді, не жұтады, не құсады. Оғанға дейін қазақ қаншама уақыт есін жиіп алады. Американың осы жолғы Ресейге салған санкциясы ойландырмау ойындарының бір түрі еді. Бұл оқиға Ресейді экономикалық тығырықтарға тірей бастады. Ресей құйға түсті дегенменде  Қазақстанға қауып әліде арылған жоқ, ойламаған жерден шыға келуі мүмкін. Содан сақ болу аса маңызды.

Орыстардың бізге белгілі жақтан рухтас жерін айта кетейін.«Христиандардың (кітап иелернің) қолымен бауыздалған мал халал», «Олардан қыз алуға рухсат етілді» деген Пайғамбарымыздың с.ә.у хадисі бар. Демек мұнан шығатын қортынды  бізге Қытайдан Орыс әлде қайда жақын екенін көрсетеді. Бүгінде Ресей дегенменде кешегі автаритарлы социялистік лагер өзгеріп, еркіндік салтанат құра бастаған.Түрлі діндерге еркіндік берген ел.

Путинның: «Алқаштықтан, жезөкшеліктен, наркамандықтан орыс халқын құтқаратын мұсылман діні ғана» деген сөзі жанымызды жылытатын сияқты… Өткен ораза намазында Ресейде әр екі сағат сайын сол жердегі мұсылмандарға құттықтау айтқанының өзі неге тұрады? Мұнан шығатын қортынды біз бірден Ресейдің қойнына кіріп кетейік деген емес, қайта бүгінде Қытай сияқты исламға жаппай авторитарлық қысым көрсетіп отырған елден әлде қайда жақсы екенін айтқым келеді.

Шыңжаңда бүгінде тілді, одан дінді жоюға толық бет алды. Дінінен айырылған халық тез жойылады. Тамырсыз, рухсыз шіріген ағашқа айналады. Онсызда шыға алмай тұрған көздің ашық шығарып жатыр…

Біздің елдің басына қауып төнсе Америка жан тартпайды, Қытай тіпті жылылық танытқаны былай тұрсын, жеріміздің бір бөлігін тартып алуға қамданады. Бұл көршілерден қашсақта құтыла алмаймыз, маңдайға жазған – тағдыр деп түсінгеніміз жөн. Орманды өрт алса қоянда, жоянда, аюуда бірігіп кетеді емес пе. Сондықтан Ресейден алыс кете алмайтынымыз шындық. «Шошқаға қарағанда, аю жылмақтай» дегендей Айдаһарға қарағанда Аю әлде қайда жақын.

Құндылықтың бастауы болған тыныштық туралы айтар болсақ, бабалардан көп нәрсе үйренуіміз тиіс. Бұқар жыраудың «Өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма» деп Абылайға тоқтау айтқаны біз үшін алтын арқау, темір қазық іспетті. Бізге кем дегенде 30 жыл тыныштық болуы керек.

Жастардың ар-намысы оянуы, мұсылмандықты ұстанып, жақсы мен жаманды білуі керек. Алтынорда тұсында қандай мықты мемлекет құрып еді бабаларымыз. Ол кезде бір ғана Аллаға құлшылық қылып, қуатты елге айналды. Қазіргі біз басып отырған зімін соның жемісі. Ибраһим пайғамбар алғаш Меккені салғанда, ең алдымен жасаған дұғасы: «Бірінші, осы жердегі халыққа тыныштық, бейбітшілік болсын, екінші рызық бер» деп тілеген. Мұнан шығатын қортынды бейбітшіліктен асқан – құндылық жоқ екенін аңғартады.

Қашанда қайталап айтарымыз: «Ұлттық сана мен ұлттық намыс оянуы керек» онсыз бәрі бекер. Мұсылмандықты ұстанған да ғана жастардың санасы мен намысы оянады. «Күллі арсыздықтан құтқаратын намаз» деген құран аятын естен жарға соғады. Бұл туралы хаким Абайдың:

Әуелі аят, хадис сөздің басы,

Қосарлы бәйіт сымал келді арасы.

Қисыны мен қызықты болмаса сөз,

Неге айтты пайғамбар мен оны Алласы, – деп ашалап айтқан. Онсыз сөзде, бақытта жоқ екенін танытады. Сәлемнен басталған сөз басын санамызға сіңіріп көрейікші. Мұны тәпсірлеп отырғаным, ежелден мұсылман халық едік, қуатымыз да, бақытымыз  да  соның ішінде болатын. Исламды ұстанғанда ғана қуатты ұлтқа айналамыз. Оны ұлттан алып тастаса, қазақ қағаз қайыққа айналып, өзгелерге жем болады.

Сөз соңын Құнанбай қажының сөзімен аяқтағым келеді: «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп,  «Тәтем қайталап отырушы еді үнемі» дейді,- Шәкәрім. Біздің басымызды тауға да, тасқа да ұрып табалмай жүрген шындығымыз осы екен. Қаперге алсақ қанеки. Лайым елге тыныштық болсын!

 

Серік Боқан
арнайы “желтоқсан рухы” сайты үшін.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*