Home » Ұлт жанашырлары ой-пікірлері » 2015-тің ең бірінші АФЕРАСЫ!

2015-тің ең бірінші АФЕРАСЫ!

Charlie Hebdo-дағы террор

Осы жылдың 7 қаңтарында Париждегі Charlie Hebdo редакциясына қаруланған 2 қылмыскер 12 адамды өлтірді. Өлгендердің ішінде 2 полиция қызметкері, әйгілі суретші-карикатурашы Стефан Шарбонье (лақап аты Шарб), Жан Кабю, Жорж Волински және Бернар Верлак деген адамдар бар. Charlie Hebdo редакциясына шабуыл Твиттерге ИГИШ-тің лидеры Абу Бакр аль-Бағдадидің карикатурасын жариялағаннан кейін бірнеше сағаттан соң болды деп хабарлайды батыс бұқаралық ақпараттар құралы. Оған дейін 2006 ж. Мұхаммед пайғамбарға с.а.у. келекелеп карикатура салған еді. Және 2012 жылдың қыркүйек айынды тағы да Мұхаммед пайғамбар с.а.у. жайында өте анайы карикатура жариялады. Жалпы бұл мекеме христиан діні мен ислам дінін мазақ ететін карикатуралар жасаумен айналысады. Ал енді қылмыс болған жердегі мына қызықтарға қараңыз…

Камера, Мотор, кеттік!

russiapost.su сайтының мәлімдемесі бойынша атыс болған жерде көптеген “қызықты” жәйттер орын алған.
Мәселен Франция президенті Франсуа Олландтың оқиға орнына 30 минуттан соң келуі. Міне осыдан-ақ сәйкессіздіктер басталған. Кез-келген қауіпсіздік қызметінің ережесі бойынша атыс-жарылыс болған жерде мемлекеттің бас тұлғалары 2-3 сағатсыз келуіне болмайтындығы белгілі, өйткені ол жерде тексеру жұмыстары жүргізілу керек. Кем дегенде итпен бір жүріп өту керек. Ал біз ит түгілі күшікті де көрмедік. Я болмаса Олланд жүрек жұтқан президент (әй, қайдам?!), я оның қауіпсіздік қызметі ақымақ. Қысқасы, осы жерден бастап маскалары шешілді.

12 адам өлген. 20 адам жарақаттанған. …..Қайда олар???
Жалпы сол 32 адамға 2-ақ жедел-жәрдем қызметі келген және бір адам таситын каталкамен басында екі деген нөмірі бар, денесінде ешқандай жарақаты жоқ адамды ары-бері тасыған. Оны не үшін шешіндірген???

Атыс күндізгі сағат 11:00 шамасында болған. “Кездейсоқ” түсіп қалған видеода көшеде ешкім жоқ, түнгі 02:00 іспетті.

“Куәгерлердің” мәлімдемесі бойынша қылмыскерлер өлтірейін деп жатқан адамдарды аттарын атап, түстерін түстеп тұрып атыпты мыс. Ол іс-әрекетке жоқ дегенде 20 минут уақыт кету керек еді. Оқиға хабарланғаннан кейін 30 секундтан кейін жабылу керек болған көшелерден қалайша қылмыскерлер оп-оңай көлігімен қашып кеткен?! Және тағы бір қызығы шабуыл жасағандар кездейсоқ бір өтіп бара жатқан бейтанысқа ағынан жарылып: “Біз Аль-Каидаданбыз”- деп айтып кетіпті. Қандай көп сөйлейтін қылмыскерлер десейші… Оның үстіне көлікте барлық құжаттарын дайындап, әдемілеп “ұмытып кетіпті”.

Әлемге әйгілі CNN телеарнасы видеодағы полиция қызметіне бағытталып өтірік атылған жерін кесіп алып тастап көрсетті.
Бұның бәрі не үшін? “Өтіріктің арты – бір тұтам” деген атам қазақ бекер айтпаса керек. Әшкере болып жатыр.

Ең соңында қылмыскерлерді өлтіріп бітті. Қылмыскерлерді өлтірді дегені – шындықты көмді дегені!

Тағы бір түсініксіз жәйт, кеше ғана белгілі болғандай осы іске тергеу жүргізген полиция комиссары өз-өзіне қол жұмсады деп хабарланды. 45 жасар комиссар неге өзіне қол жұмсады екен??? Ұяты жібермеді ме, әлде айтқандарына көнгісі келмеді ме. Қалай болғанда да Жаратқанға ғана мәлім көп дүниелер орын алып жатыр.

“Сөз бостандығы”

Ал енді Франция қалаларында көптеген ел наразылық білдіріп көшеге шығуда. Ол адамдар “сөз бостандығы” деп жар салуда. Кез-келегн дін болсын оның ішінде Ислам дінін мазақ қылу пайғамбарын келеке ету дұрыс емес деп айтса, “жоооқ!!! сендер сөз бостандығын шектеп жатсыңдар” дейді. Мына нәрсені шатастырып алмайықшы СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ ДЕГЕН – ДІНГЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАУ ЕМЕС!!!
Бірақ сөйте тұра өздері 2008 жылы 2 маусым күні сол кездегі Франция президенті Николя Саркозидің баласы Жан Саркозиді мазақ етіп карикатура салған үшін Синэ атты әйгілі каарикатуристті антисемитзмде айыптап, жұмыстан шығарып жіберген. Синэнің: олар сөз бостандығын бұзды – деп шағымданғанынан ештеңе шықпады. Өздеріне керек кезде сөз бостандығы қасиетті ұғым, тиімсіз болған кезде керек емес. Қайда енді сөз бостандығы??? Бұның бәрі жәй әңгіме ғана. Сол баяғы мұсылмандарды жаман көрсету, айыптау, масқаралау. “Егіз ғимараттар” (Башня близнецы), ИГИШ тағы да сол сияқтылар алдын-ала жоспарланған батыстың проектісі. Бұның бәрі айдан анық, надандық!

Ходорковскидің аярлығы

Әке-шешесінен бір тиын да қалмаған Ходорковскийдің қалай байығаны еліне белгілі. түрмесіне де отырып шықты. Өзінің “батыстаға бастықтарына” жағамын деді ма, әйтеуір бұл Ходорковский өз твиттер парақшасына: “Ертең пайғамбарға (Мұхаммед с.а.у.) карикатура салынбаған басылым қалмасын!” – деп жар салды. Шешенстанның президенті Рамзан Қадіров айтпақшы бұл сөзімен ол бүкіл мұсылмандардың жауы және менің жауым деді. Францияның президенті айтпаған сөзді айтып, атаққа ие болам деп ойлаған шығыр, пенде ғой енді… абыройы айрандай болды.

“Бірінші тілек тілеңіз бір Аллаға жазбасқа…..Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармасқа” – деген Бұхардың ұрпағынан осындай аярлар шықпасын деп тілейік!

 

 

Рамазан Амандық

Желтоқсан көтерілісінде 5 жыл бас бостандығынан айырылған

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*