Home » Ақылдыға, Иман парыз » Ата-бабамызды осыншама қиындыққа салған не нәрсе..?

Ата-бабамызды осыншама қиындыққа салған не нәрсе..?

Ата-бабамызды осыншама қиындыққа салған не нәрсе..? 1932 ж.аштық. 1937 ж. репрессия, 1941-45 ж.ж. соғыс, тың игеру деп, жаппай орыстарды(көбісі зектер), солтүстік облыстарға қоныстандырып, жерімізді соғыссыз басып алу саясаты, 1986 ж. Қазақты малдық деңгейге түсірдік, енді айтқанымызға көніп, айдауымызда жүреді,деп орысты басшы ғып басынуы. Міне осылардың бәріне кінәлі кім, деп іздесек, жауабы біреу-ақ. Ол, АЛЛАҺПЕН қарым-қатынасымызды үзгендігіміз екен. Дегенмен 1986 жылы орысты басшы ғып қоюы, коммунистердің шектен шықкандығы етін. Ислам ғалымдарының айтқаны, Құран мен сүннетке сай негізделгендіктен, ақылы бар адам мойындамасқа шарасы жоқ. Кез келген мемлекетте әділдік болса, ол мемлекет кәпір мемлекеті болса да, АЛЛАҺ ТАҒАЛА бұл дүниеде дәрежесін көтеріп қояды екен(мыс. Жапон,қытай,швецария секілді). Қандай да мемлекетте әділетсіздік белең алса, оның дәрежесін түсіреді екен(мыс.жоңғар,фашистік германия,ссср т.б.). Сөйтіп 1986 ж. АЛЛАҺТЫҢ қалауымен ссср әділетсіздігі өздерінің қор болуына, әкеліп соқтырды. Сол кезге біздерді себепкер еткен АЛЛАҺТЫҢ қалауы, Ол біздің Тағдырымыз. Сол кезде Қазақ жастары өз мүддесінен,Ұлт мүддесін жоғары қойып, Елімізді басындырмаймыз деп, Көтеріліске шығып, соңы басқа республикалар да көтеріліп, аяғы Тәуелсіздікке алып келген еді. Хош. Енді кеп,Тәуелсіз Ел болған кезде не бітірдік? Қайтадан, үйреніп қалған тәуелділік қамытын іздей бастадық. Мысалы, ең бірінші “АЛЛАҺ деген-Ар емес, ХАҚТЫҢ жолы-тар емес”, “Иманы жоқтың, жиғаны жоқ” “…Бес уақытта бес Намаз, біреуі қаза қалмасқа” деген Ата-бабамыздың, БІР АЛЛАҺҚА СЕРІК ҚОСПАЙ, құлшылық жаса дегенін, дұрыс ұстай алмай жүрміз ба деймін. ДІН Ұстанғандардың Өзі,73 ағымын қайдам, соған бөлінуге неше түрлі себеп бар,деймін.
1.Құлшылық деп,-кім көрінгенге табынып, біз АЛЛАҺТАН сұрауға лайықсызбыз, бізге әруақтар арқылы жол ашып береді, деп аққу-гәкку, ишан,балгер т.б. арқылы шығуға айналдырып, Ең үлкен күнә, Ширк жасап жүргендер. Оларға да, әйтеуір адам болған соң, ӘР-РАХМАН, АСА МЕЙРІМДІ-ҚАМҚОР АЛЛАҺ ТАҒАЛА бұл дүниеде сұрағанын берер, О дүниеден үлесі жоқ. Керісінше азабын арттыру үшін, беріп жатуы бек мүмкін. Оған мысал, не бір тісі, не бір ыдысы сынбаған Перғауын сияқтылар. Бұлардың ішінде, өмірде жолым болмады, бір перзентке зар болдым,арақты қойсам т.б. бастап, қызметім өссе, байлығым артса, тапқанымнан айырылып қалмасам, деген аузы алты қарыс бай-бағландарға дейін бар. Бұлардың жағдайындағылар #Исламға түк қатысы жоқтар.

2. Мұсылман, яғни бой ұсынған. Бірақ Иман деңгейі әбі-тәбі. Әйтеуір Намаз оқып жүргендер. Бұлар біріншілерге қарағанда көбірек. Дегенмен Ақіретте АЛЛАҺТЫҢ, ӘР-РАХИМ-ЕРЕКШЕ РАХЫМДЫЛЫҒЫМЕН ЖӘННАТҚА кіретін шығармыз деп, ұстаз айтты, біз көндік, білімді ұстазымыз ақымақ қой дейсің бе, дейтіндер. Бұлар Омар, (оған АЛЛАҺ разы болсын) храмдағы шалды көріп жылағанындай сияқты көрінеді.
Бұлардың өзі бірнеше тармақта.
Былай бірге сияқты, негізі жеме-жемге келгенде небір контрприёмдары бар бір-біріне жасайтын. Әрине Адамдар үйреткен. Бұндайлар Құранды, сүннетті соған икемдеп пайдаланатындар. Келесіде а),ә),б)…,т.б. әрқайсысына жеке тоқталармыз…
3. ТАУҺИД-БІР АЛЛАҺҚА жазбасқа дегенге, қалай амал етсем, қайтсем АЛЛАҺҚА жағам деп, ізденіс үстінде. АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ тиым салғанынан тиылып, істе дегенін, шамасы жеткенше Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған АЛЛАҺТЫҢ Игілігі мен Сәлемі болсын) қалай жасады, солай жасасам деп жүргендер. Яғни Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған АЛЛАҺТЫҢ Игілігі мен Сәлемі болсын) жасамағанды көрсе, “нәжіс” басқандай ыршып жүргендер. Осы жолда жүргендердің өздері де, бірнеше тармақта… Бұларға да тоқталып өтерміз. Негізі Ақиқат, осылардың ішіндегі ең оңайы, әрі СУБХАНАЛЛАҺ ТАҒАЛА адамға ыңғайлап, оңайластырылғаны!Ол, Құран мен Сүннет!!!
Оны да ашып көрсетерміз. “Желтоқсан рухы” сайтынан қарап тұрарсыздар. Келесіде бір тамағым, бір таяғым деп жүргендерді де айтармыз. Бұндағы мақсат, әр Қазақ дұрыс таңдау жасап, Бұл дүниеде де, О дүниеде де #Бақыттылардан болса, деген ізгі ниеттен деп білерсіздер!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*