Home » Ақылдыға, Иман парыз » Талғат Рысқұлбек. Анам тектілердің ұрпағы еді

Талғат Рысқұлбек. Анам тектілердің ұрпағы еді

Отырмыз-ау оңалмай,
Ақыл айту, Ол оңай.
Намаз оқып,Сауап ал,
Фейсбукта омалмай?!
….Осыншама уақыт кетірмей, бәлен демей, түген демей кездесіп сөйлесейік, десек келмейсің. Aldiyar Qazaq, Ендеше аруаққа табынуға болады дегендер былай істеңдер, -Иа, АЛЛАҺ маған ақиқатты көрсет, соған амал етейін, және өтірікті де көрсетіп, одан алыс қыл, деп шын ниеттеріңмен сұрасаң, ақиқатқа жетерсің. Тағы бір айтарым, талақ деген сөзді айтарда, аузыңа абай бол, өз қатыныңа айтарсың. Бүкіл Қазақтың, әсіресе менің Ата-бабам мен Анама қаратып айтқаныңды өз басым кешірмеймін, Иман келтіріп, жыныңды тастасаң көрерміз… Ей, #алдияр, Мал болмасаң ұғарсың..?! …Менің Атам Рысқұлбек, 1942 жылы Сталинградта қайтыс болған. Нағашы Атам мен Әжемнің қолында өстік. Екі үйден үш бала боп. Біреуі Қайрат 1966ж. Нағашым Шәлібек 1967ж, және мен, 1968ж. Атам 1984 ж. 97 жасында, Намазын қаза қылмай, Құран оқып алжымай кетті. Керек десең өлімімен елге үлгі боп кетті. Жуындыруға кіргендер таң қалып айтып жүрді. Әуретін екі қолымен жауып қайтыс болған екен.! Кейде дұғасын естіп қалатынбыз. Көп естігенім дауыстап, -Иа АЛЛАҺ ТАҒАЛА бұйрығыңды орындаған болсам, бала-шағаға қалдырмай, Қор қылмай, Кемпірімнің алдында алшы, дейтін. Біз, қанша дегенмен түсінік аз, әжемізге қалжыңдап, әне Атам сені қандай жақсы көреді а? дейтінбіз. Қазір түсініп жүрміз ғой, қор қылмай ал, дегенді… Пайғамбар Мұхаммед (АЛЛАҺТЫҢ Игілігі мен Сәлемі болсын) -Иа, РАББЫМ! Мен жалқаулықтан әрі жаман (халде) қартаюдан Өзіңе сыйынамын. Иа, РАББЫМ! Мен тозақ азабынан және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын,-деген дұғасы екенін мұнда ғана түсініп жүрміз. Әжем де қайтқанша намазын үзбей, көп ұзамай, келесі жылы, жылға толмай қайтыс болды. Дәретін алып, бола салысымен қисайып, Иааа АЛЛАҺ! деп, бір ауыз сөзден басқа айтпай,жүріп кетті. Анам да, 2013- те, ақпанда, 70-ке қараған шағында, бар айтқаны, терезені ашып қойыңдар, АЛЛАҺТЫҢ тегін ауасымен дем алайық та деп, басқа сөз айтпай, қисайып тура өзінің Анасы сияқты жүріп кетті. ӘЛХӘМДУЛИЛЛАҺ, намазбен қайтты. Намазға деген ұқыптылығына біз тұрмақ, ауылдағы Имам таң қалатын. Намаз уақыты кірді бітті, әй-шәйға қарамай, самолёттен қалып қоятындай, Намазға асығатын. Осыншама Нығмет берген, АЛЛАҺҚА қарыз болғым келмейді, деуші еді. Ақшада да солай етін, ешкімнен қарыз алмауға тырысатын. Алда-жалда қарыз бола қалса, қайтарғанша жаны қалмайтын. Қонақжайлылығы енді керемет, айтып жеткізе алмайсың. Көргендер айтсын. Ауылымыз тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, жолаушылар көп түсетін. Осы Дарын Мүбаров Тараздың жігіті ғой, туыстарына, үлкен қайынжұртына, жеңіл көлігі, ескі “маздасына” бала-шағасын тиеп ап жиі өтетін. Анам жаны қалмай күтетін. Басында Дарынның, Дарын екенінде хабары жоқ. Әйтеуір тамағын беріп ақшасын алып, дегендей. Сөз арасында, Дәкең әдетінше бір-екі уағызын қыстырып жіберіп дегендей… Кейіннен бауыр басып, баласындай жақсы көріп, өткен сайын, Ата-анасы,бала-шағасымен түгел, төсек сап, қондырмай жібермейтін болды. Қарағанды-Тараз арасы 1400 км.ге жуық. Анамыздың Жол бойында орналақан, шағын “Қайрат”деген асханасы бар. Анам өзі бас боп, Балалары жабылып сап бергенбіз. Анам осындай кеңпейіл. АНА еді. Өйткені алдыңғы Ата-бабаларымыз, Бір АЛЛАҺҚА серік қоспай кеткен етін! Осындай Ата-бабам, Әжелерім болған. Алдияр Қазақ саған айтам, #ҚалыңҚазақ сен тыңда!!! Бір ғана АЛЛАҺҚА құлшылық жасап, АЛЛАҺҚА ортақ қоспай, АЛЛАҺТАН ғана жәрдем тілейтін, Казақ болайық деп,Бір қазаққа ақиқатты жеткізуге себепкер болсам, деп айтып отырмын. Тағы айтам Алдияр, тозаққа барсаң, өзің бар, қаласаң дұрыстал. Елде шатағың не, сенің бұл әрекетің тура шайтанның әрекеті. Неғұрлым өзімен бірге тозаққа, көп адамды ала кету миссиясы. Тәубеге келерсің деп ойлаймыз. Бұл дүниеде, Елі үшін қасқайып тұрып берген, кейбіреулер құсап ауызбен орақ ормай-ақ іспен дәлелдеген Желтоқсандықтармен араз боп, ал, О дүниеде тозаққа кетсең, малдан да төмен болғандарың емес пе?! Есіміз барда, Еліміз бен Жәннәтымызды табайық бауырлар!

10942843_618354168292486_40212905_n  10937673_618354201625816_942193575_n

 

 

One comment

  1. Ма ша Аллах.
    Дакенде жургой ишинде

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*