Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » ҚАЗАҚ МАФИЯ СЕРКЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ НЕГЕ ҚОРҒАНСЫЗ?

ҚАЗАҚ МАФИЯ СЕРКЕЛЕРІ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚ НЕГЕ ҚОРҒАНСЫЗ?

Бүгінгі қазақтың рухы жүнжіп, еңсесі неге түсті? Ел иесі ретінде өзіне тән қожалығынан неге айырылды? Өзге жұрттарға неге ләппайшыл? Осы сауал төңірегі санасы биік әр бір қазақты мазалайтыны даусыз? Бұл туралы бір ғана мақала деңгейімен шешім шығару артық. Рухқа тән түрлі келіспеушіліктер бар әрине. Дей тұрғанмен, миллион сан болса да алдындағы бірін атса нөл болмай ма? Кешегі аты ТМД елін шарлап кеткен желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбекті Кеңес билігі Қазақс жерінде өлтірді. Неге? Мұның бәрі қазақтың рухын басу… Тәуелсіздік алған тұста шыққан ержүрек азаматтары Талғат Атабаев-“Атаба”, Рыжий Алмас, Төрт ағайынды, Қаныбек, Баха-фестиваль, Қара Алмас сияқты қазақ көкжиегінде танылған мафияларын неге түгелімен өлтірді? Мұның бәрі айтуға жүрекке салмақ түсіретін оқиғалар. Бұл сырт елдің қазаққа жасаған қысымынан. Асты-үсті байлығы мол жас мемлекеттің жұлдызды азаматтарын жою арқылы өз мүддесіне жету! «Бұл ақиқатында қазақтың рухына сілтенген тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы қамшы» еді.
Өткен ғасырда қазақты құрту үшін жасалған лабораториялық тәжірибе алапат болғаны анық. Колчактың «Мен кез келген халықтың бес жүз зиялысының көзін құртсам сол ұлтты өзіме сөзсіз бағындырған болар едім» деген ойы расқа айналды. Бес жүзіңіз бер жағы ғана екен, отыз мыңға жуық зиялы ажал құшты. Не бары жиырмадағы жастарының өзі мемлекеттік деңгейде ойлай алатын, пассионар тұлғалар еді. Осындай феномен тұлғаларынан айырылған халық есінен адасты. Ал бүгін ше? Одан қалғанын жер құштыру үшін, кеудесінде оты бар Қайрат Рысқұлбек сынды азаматтарды 86 дағы империялық кеудемсоқтық типыл қылды. Ең соңғы жұрнақтары өжет, ержүрек Талғат Атабаев-“Атаба” бастаған азаматтарды «Бандит» деген желеумен көзін құртты. Неге? Бұған ойлап отырсақ сыртқы күштердің қысымы болуы мүмкін…Алайда, «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей мемлекет деңгейінде бағалап, бағыт бермеген менің, сенің, оның кесірі.
Қазақ тәуелсіздік алған кезде өмір сүру халыққа соншалық қиын болды. Қоғам қасқыр мен қойға бөлінген, Нан табу үшін ел тентіреп кетті. Өзбектер, түріктер, қытайлар, жебрейлер қазақ даласына әлімжеттік қылып иелене бастады. Әлді әлсізді зарлатып жатты… Осындай теңсіздік кезде қазақ азаматтары өзінің ел иесі екенін көрсетіп базарларды, зауыт, құрылыс, ресторан қонақ үйлерден келімсектердің қолынан алуға қайрат қыла бастады. Тіпті мұнай мен мысқа қол салған келімсектерге қарсы күресе білді. Сол мықты азаматтарға зорлық көрген қандас бауырлар келіп шағымын айтып, олардың әділетті жақтауын талап етті. Намысы биік азаматтар бұған төзіп тұра алмай, арнайы топ құрып әлімжеттілікке қарсы күрес ашты. Мұны орыс газеттерінің көзімен қарайтын қазақ газеттері жұртқа теріс түсінік қалыптастырып «Бандит» деп атады. Шындыққа тура қарайтын болсақ ол мүлде олай емес еді. Тек өзінің үлесі үшін тырысқан азаматтардың жанкештілігі деп қараған жөн. Өз от басын өзгеден қорғамаса қолжаулық болмай ма? Сол сияқты ел азаматтарының намыс үшін күресі еді. Әрине, оларда қателік жоқ деуден аулақпыз, бірақ өз жерінде, өз елінде өзгенің қол жаулығына айналған халық үшін өре түрегелгені шындық.

Қазақ мафиясының серкелерінің бірі әрі бірегейі Талғат Атабаев-“Атаба”-ға келер болсақ, қасындағы топтың ішінде болған азаматтар, оның мемлекет деңгейіндегі абырой мен беделін өте жоғары бағалап отырды. Қысқасы Талғат Атабаев-“Атаба” қазақ болмысымен танылған азамат деуге болады. Ол осы қылмыс әлемінде аты белгілі бірегей тұлға. Қазақ рухы мен қазақ тілін сүйгені соншалық, маңайындағы неше жүздеген мықты азаматтардың көбі оының жанында қазақша сөйлейтін. Қазақтың кең сақарасында киіз үй тіккізіп отыратын. Оның мәрттігі бір басына жетіп артылатын болған. Алдына келген шалдан балаға дейн жағдайын айтып келсе, сұраушының көңілін аспандатып қайтарып отыратын. Демек, қазақ дастарханы кең, жомарт халық деп жатамыз, сол ұлтқа тән болмыс, бір басынан табылатын ержүрек, қайсар, қатал, мейірімді, намысты азамат болған. Талғат Атабаев-“Атаба” тұлғасын шағын бір мақала деңгейінде ашу мүмкін емес. Тек бұл жазбамыз қыстыққан көңілдің бір сәтте бурқанысы деп қана түсінген жөн. Мүмкін болса, сол тағдыры өте күрделі тұлғаның сыры мен шындығын келесі жолы барынша ашуға тырысамыз. Қырғыздың мафия әлемінің серкесі Рысбек бастаған, өзбектің тағы басқалары жолыққан кездесуде, Рысбек ерекше құрмет көрсетіп, Талғатқа кетер кеткенше ізгі сенімін білдіріп отырған. Союз кезінде ТМД елінде өз ықпалын ерекше жүргізген, аты баршаға мәлім мафия серкесі Сәлімбай жаңа-жылда, Өзбекстаннан жарты сағат құттықтап ізгі көңіл-күйін білдірген. Демек халықаралық деңгейде де оның қаншалықты абыройға ие екенін сезінеміз. Қиындық көріп келген адамның қолын құр жібермейтін. Сондай ақ, маңайына ізгі тұлға болғанын білетін азаматтар бүгінде аңыз етеді. Ізгілік пен намыстан алаулаған оның жүрегі қазақ деп соққанын өкінішке орай ешкім білмей кетті.. Сол аласапыран кезең де рухани құндылықтарды да ескеріп отырған. Кейбір мешіттердің тұруына, жетімдер үйіне жардем беріп отырғаны мәлім біз жолыққан жігіттердің айтуына қарағанда. Ол азаматтардың атын әрине бұл жерде ашалап айтып жатпағанымыз түсінікті.
Бірде Талғат Атабаев-“Атаба”-ның намаздағы сыйлас ағайындарының бірі оны Қапшағайдағы үлкен ресторанға туған күнін атап өтіп жатқанын естіп, іздеп келеді. Оның сол күні туған күніне 200-ге тарта Қазақ елінің түкпір-түкпірінен жиналған “сен тұр мен атайын” деген жолдастары жиналып, кәдімгі той болып жатқан. Атаба өзін құтықтауға жақын бауырының, оның үстіне намазхан досының келгенін естіген. Әрине ұшқыр санаға ие Талғат Атабаев-“Атаба” ыңғайсыз болғанына қарамастан Алланың аты аталғанда орнынан атып тұрып, ресторандағы қонақтарды, арақ-шараптың бәрін тойханадан шығартып,арақ ішпейтін өзіне жақын 40-қа жуық жігіттерін алып қалған. Содан досы бірге өскен Атабаға тілектер айтты. Өзі жақында ғана намаз бастап, әлгі Дәкең (Дарын Мубаров):

“Көзі соқыр адамға бал ұсынсаң итереді,
Дәмін татып көрген жоқ қайтер енді?
Келген балдан бір қасық жесе егер,
Төрт аяқтып өзі іздеп кетер еді! – айтпақшы, ислам дінінің “балын” енді ғана татып ,мас болып, сол рахаттан жақын бауыры Атабада ауыз тисе екен деп қолынан келгенше Ислам, иман, Құдайдан қорқу, шүкір ету деген тақырыптарда сөз қозғаған. Шамамен бір сағатқа жетер-жетпес уақыттың ішінде бар ықыласымен жабыса тыңдап отырған Атаба: «Алланың бар әрі бір екеніне сенемін, шынында Алладан қорқамыз, шүкір етеміз әрине» дейді. Соған қарағанда ол шынымен рухани жақтан иманға келіп қайтыс болғаны шұбасыз. Бір таң қаларлығы бұл жерде уағыз айтушы да, тыңдаушы да ержүрек баһадүрлер екенін қаперге саламыз! Соншалық шабыттанып жатқан думанды ортаға шам жаққандай, Алланың аты аталғанда кері ағысты оңға бұру кімнің қолынан келер еді? Ол әне біз айтып отырған Талғат Атабаев-“Атаба”-ның бір реткі көрінісі еді. Демек сол батыр азаматтар бүгін болса қаншама есебі жоқ ізігі құндылықтың көш басшысы болар еді деп қынжыламыз. Кезінде далалық өмірде көшпелі тірілік көрген аталарымыз тұсында барымташылар сол батырлардан болған. Олар елдің малын емес, қолды болған халқының малын орайын тауып қайтарып отырған. Сол батырларды ұры-қары деп ешкім айтпаған. Мысалы Бұхар жырау Бөгенбайға:
…Уа, сен Қанжығалы Бөгенбай,
Тоқымы кеппес ұры едің,
Түн қатып және жүр едің.
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің?! – деп айтқаны бар. Бірақ тарихта олар ұры атымен қалды ма, жоқ олар Батыр атағымен елдің есінде. Айтпағым кредиттік сана билемеген, қауашағы сау қазақ жақсысын асырып, жаманын кешіріп отырған.

Мысалы тоқсаныншы жылдардың ширегінде шыққан белгілі беделге ие Рыжий Алмаста мафия серкесі болғанын жұрт жақсы біледі. Қазақ үшін көптеген жақсы істері жасырын қалып, шалыс басқан жері болған шығар, бірақ біз олардың қадыр-қасиетін жақсы білуге тиіспіз. Мұхтар Мағауинның: «Кім болсада қазақ байлығы қазақтың қолында қалса, әрине қазаққа белгілі жақтан бұйыратыны шын. Жебрейлер мен келімсектердің талауына түскенше» деген сөзі бар. Сондықтан олар бәрібір қазақ үшін істер еді. Қзақтың батырлары ежелден осындай азаматтардан шығып отырған. Бүгін болса сол серкелер отанды қорғау жолында еш аянып қалмайтынына шүбамыз жоқ. Амал қанша солардың бәрін жойып отырды.
2009 жылдары ҚР Парламентінің депутаты болған белгілі азамат Бекболат Тілеухан: «Унитарлық мемлекетте бір ғана ұлт болады. Бір мысал айтайын: егер мен шешен болсам, Қазақстанға қаңғырып келген шешен боламын. Мен азулылығымнан, мықтылығымнан Ақтаудың портын тартып аламын. Кез келген шенеуніктің баласын ұрлап әкетемін деп қорқытып, тендерді тартып аламын. Бұған ешқандай қазақ қарсы келмейді. Қарсы сөз сөйлейтін қазақтың басы баяғыда қырқылған. Талғат Атабаев-“Атаба”, Сары Алмас, Қара Алмас секілді мықты жігіттердің бәрі өлген. Бұл жерде ылғи құлдың тұқымы қалған. Үйіне кіріп алып бауыздап жатсаң, ара түсетін ешкім жоқ!» – дейді.
Сары Алмас Гоголь көшесінде салынбақ болған қытай бакнкінің салынуына тосқауыл қойдырды. Дерек көздеріне сенсек, Қытайдың аты әлемге мәлім Фу Дудың портты аймағандағы базарын тартып алып үш жыл иелік еткен. Оың осынша қайтпас ерлігін көрген ресейдің мафияларыда жанына тартпақ болған, бірақ ол бәріне жол бермеген. Демек Талғат Атабаев бастаған қазақ серкелері қазақ байлығы өзінде қалса деп осыған көп күш шығарған.
Түйіндеп айтар болсақ: Түркия мемлекеті қоғамды негізінен түріктен шыққан қылмыс әлемінің серкелерімен ұстап отыр. Қытай мемлекеті де жасырын саясат қолданып өзінен шыққан мафиялармен жұмыс жасайды. Бүгінде қазақ неге қорғансыз? Бірді атып, нөлге түскеннен кейін әрине панасыз, қорқақ… Ол азаматтар егер елге қатер төнсе басын алдымен бәйгеге тігетін ұлттың қалқаны емес пе еді? Біз бір ұлтты адам деп қарастыратын болсақ, қазақ қазір жан сақтау бөлімінде жатыр… Өйткені миі қатты шайқалған. Шайқалған да есінен адасқан.. Себебі, ұлтты бастайтын рухты азаматтарынан айырылған. Рухы сөнген, тілі күрмелген, қаны азайған, жүрек соғысы баяу. Осыларды ойлап отырып демім сығылады… Батырларынан айырылған ел қалай өмір сүреді? Бір күні ел басына қатер төнсе отанды кім қорғайды? «Құйрығы жоқ жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ қолы жоқ жылан қайтып күн көрер?» демекші «От жүректі батыр жоқ отан қайтып күн көрер» дегіміз келеді. Демек жан сақтау бөлімінде жатқан ұлтқа шұғыл вакцина керек… Оның не екенін әрбір қазақ ойлануы керек!!!

Серік Боқан аранйы Желтоқсан рухы сайты үшін

2 пікір

  1. 1986 ызғарлы 16 ты естен кетпейт бир сатте.
    Қайраттың руhна Қазағым тағзым етип тұрайық.

  2. 1986 ызғарлы 16 ты естен кетпейт бир сатте.
    Қайраттың руhна Қазағым тағзым етип тұрайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*