Home » Ұлт жанашырлары ой-пікірлері » Сарыағаш. Біз білмейтін жәйттар бар…

Сарыағаш. Біз білмейтін жәйттар бар…

Сарыағаштағы Бақытжанның  қалай, қандай жағдайда қаза тапқанын, әркім әртүрлі айтуда. Анығын АЛЛАҺ ТАҒАЛА ғана білуші. Қолға түскен кісі өлтіруші де, неше түрлі айла тәсілге салып бағар. Жалға берілген теплицаның ақшасы 180 000 теңгеге бола өлтіруі еш қисынға келмейді. Негізі 600 000 мың теңге қарыз боп, араға жігіттер араласып, 400 000 мыңын беріп, қалған 200 000 мыңын берешек боп, созып жүрген дейді, ауыл жігіттері. Дегенмен сол қалған қарызды өтемеу үшін өлтіру, еш қисынға келмейді. Бұл жерде біз білмейтін жәйттер бар екені, айдан анық. Тергеу амалдары бiткен соң, шет жағасы бәлкім шығар, бәлкім жабулы күйі қалар?! Ең бастысы, ұлтараздығына ұласып кетуіне не себеп. Бұған кінәлілерді тізіп, тізбектеп айтар болсақ, ең бірінші, Мемлекеттік идеология ақсаңдап тұр. Кез келген, Қазақ елінде тұрып жатқан ұлт, өзін бұл дүниеде қонақ ретінде сезіну керек. Ол үшін Ерте ме кеш пе өлетінін біліп, О дүниеде шаңның тозаңындай болсын, бұл дүниеде жасаған қиянаты үшін жауап берерін сезіну керек.
Әуелің сенің бір Құдай,
Ақырың сенің бір Құдай.
Ақылың болса күн-түні,
Иманды сұра кіл ұдай..
дегендей Имандылыққа жаппай тәрбиелеу керек. Иә Бақытжан бес уақыт намазда еді ғой, дерсіздер. Солайы солай-ақ, бірақ. Оның Ата-анасын аңыратып тастап кету ойына да кіріп шықпағаны анық. Ендеше неге бұлай болды? Оны айтсақ, тағы да сол, адам өлтіруге қандай мәжбүрлік итермеледіге кеп тірелеміз… Құранда, ..”Сендердің туыстықтарың, Әділ болуларыңан тоқтатпасын”,- деген тұрғыда аят бар. Қазақта турасын айтсаң, туысыңа жақпайсың, дегендей Бізді де жақтырмай тастарсыңдар. Білгенімізді айтар болсақ, мүмкін шындық сол шығар… Қасында болмаған соң, тағы да АЛЛАҺТЫҢ алдында жауапкер боп қаламыз ба, деп те қорқамыз. Бәрін де тергеу амалдары айқындар деп үміттенеміз…
Қазақ елінде өзге ұлт өкілдерінен кедей тұратындар, жоқтың қасы десе болар. Қашан болса да, солар қандай да бір қылмыс жасаса да, пәре беріп құтылып жататындары өтірік емес. Халыққа бұл жәйт жасырын емес. Сондықтан да, бұл жолы да, “Құланның қасынуына, мылтықтың басылуы” себеп боп отырғандай жағдай болған. Жан-жақтан соншама 2000-дай Қазақтың Сарыағашқа жиылуының басты себебі, басқа ұлттардың көбі айран ішкені құтылып, қазақтың шелек жалағаны тұтылып жатқандығы, әр-әр жерде орын алып жататындығы мен, оған себепкер өзіміздің парақор шенеуіктеріміздің үлесі шаш етектен боп тұр. Тағы бір жағдай, ютубқа салғандар боп тұр. Ол да анықталар… Тәуелсіздікті алғаннан да, ұстап тұру қиын боп тұрған уақыт боп тұр-ау. Бірнеше үйдің өртенуінің бір себебі, Құқық қорғау органдары қылмыскердің үйін қорғап тұрғандықтан, ашынған Халық басқа үйлерді, машиналарды өртей бастаған. Сондықтан да, 7-8 үй өртке оранған. Халықты кінәлаудан түк шықпас. Оларға қылмыскердің үйін не істесесеңдер еріктеpің, бірақ басқаларға тимеңдер десе, бәлкім Халық, сол бір үйге пәрін шығарып, сабасына түсер ме еді. Сөйтіп басқа үйлер аман қалар ма еді… Жазықсыз адам өлтіріп, күнәға батып, ертең жауапкер болмаса екен деген ниетпен айтамыз да. Әйтпесе біреулерді қорғап қалайын деп отырмағаным анық нәрсе. Мысалы, бір үй өртеніп жатқанда, сыртқа шығуға қорыққан әйел, жас баласымен үй ішінде қалып қойған. Бұны байқап қалған қазақтар өртке қарамай үйге кіріп, құтқарып қалған. Неткен жанашыр Халықпыз! Айта кетер бір жәйт, Бұл жерде Бақытжанның әкесі Дүйсекеңнің талабы орындалып, туыс үш үй толығымен көшірілген. Енді сот әділ болса деп отыр.
Осыншама дүрбелең туғызған жағдайды шешуге бірден-бір себепкер болған, Облыс әкімі, Асқар Мырзахметовке Халық ризалығын білдіріп отыр. Ол кісі, қылмыскер құрықталмайынша осы ауылдан кетпей қадағалаймын, деген табандылығына елдің бәрі шын ниеттерімен алғысын білдіруде. Және де АЛЛАҺТЫҢ ЖАР болуымен, қылмыскерді сонау өзбек елінен, тауып ұстап әкелуі, бұл шынында да, ерекше кәсіби табандылықтың жемісі дер едік. Тағы бір айтарлық нәрсе, Әкімнің сондағы 2000дай тәжікті жинап алып айтқан сөзі, -Тәуелсіз мемлекетімізді шайқалтуға ешкімнің хақысы жоқ. Қазақ халқы қаншама ұлттарға пана болған, нанымен, барымен бөлісіп, аштықта да, тоқтықта да өздігінен ешкімге ұрынбаған, тек жатқан қонақжай халықпыз, бірақ біліңдер, Қазақ сол қонақжайлығымен қоса, керемет жауынгер Халық! Шамына тимей тату-тәтті тұрам десеңдер, құшағы ашық. Ал,Алда-жалда түртпектеп тиісіп, бәле іздер болсаң, әкелеріңді танытардай мінезі де бар, деп жүрекжарды нағыз ұлтжанашырлығымен айтқан сөзіне, Халық қана емес, сонда апталап үй-іші тұрмақ, ұйқы көрмей жүрген, спецназ майоры риза боп отыр. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов та күні-түні сонда жүр екен. Бізді көріп Желтоқсандықтар екенімізді білген соң, ашық әңгімеге барып, барынша Дүйсекеңдерге қолғабыс тигізіп жатқанын, және тағы бір үйді көшіруді ойластырып жатқанын айтты. Міне шындықтың біраз бөлігі осы. Тыныштық болу, бұл әрқайсымызға тікелей байланысты. Тас түскен жеріне ауыр-дегендей, Тәуелсіздік жолында бауырым Қайрат Рысқұлбеков,
..Еркек тоқты құрбандық болып еді!!!
Сондықтан да, Бізді, Желтоқсандықтарды намыссыз, немесе Тәуелсіздік қадірін түсінбейді деп ешкім айта алмас. Бұл ашық дәлел!
АЛЛАҺ ТАҒАЛА Қазақ еліне бейбітшілік орнатып, ырзық несібемізді молайтсын!!!
 “Желтоқсан рухы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Талғат Рысқұлбек

2 пікір

  1. Туh әйтеуір бир адам Ә жүрекке жылыу берді ау. Асқар Мырзахметовты айтам ғұмыры ұзақ болсын. Ана қазақтың балаларын көргенде жүрегім қан жылады ау.

    Туh әайтеур деп окылсын.

  2. Әрине, ел жұртымызға тыныштық керек, Қайраттардың қанымен келген Тәуелсіздігіміз үшін әр бір халық тыныш жасау үшін, алдымен осы қасиетті елдің иесі Қазақ деген халықтың мәртебесі биік болуы керек, сол жерде өмір сүріп жатқан басқа ұлттар сол елдің тілі мен салт дәстүрін сыйлап қызмет етуіне биліктегілер ықпал жасауы керек. Алдымен Қазақ халықының мүдделері қорғалуы тиіс
    анадай пікір айтқан Мырзахметовке көп көп рахмет! Алаштың арын арлайтын, жоғын жоқтайтын осындай азаматтар мол бола бергеи…. Шынында қарап отырсаң Шымқаланың ең тәуір жерлеріне басқа ұлттар масайрап өмір сүріп жатыр, сөйтіп отырып, боздақтарымызды бауыздауы не деген сұмдық! Халық бекер ашынған жоқ… Әр бір Қазақ халқының бармағы шайнаулы, қылышы қыннан
    суырылды деген сөз…Маңғыстау обылысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*