Home » Ұлт жанашырлары ой-пікірлері » Президенттік сайлауды өткізу…

Президенттік сайлауды өткізу…

Президенттік сайлауды өткізу, дұрыс деп ойламаймыз!
Сонау Керей мен Жәнібек кезіне қарасақ, сол уақытта да, одан бертін де, Қазақ даласында, Ел басқаратын Хандарды ешкім сайламаған. Ел билігі Атадан балаға мұрагерлік жолмен беріліп отырған. Сондықтан да, сайлау өткізіп, ырың-жырың қылмай, ақша да шашпай, тып-тыныш Ата-Бабам құсап, Президенттік мұрагерлік жолмен,  өзі қалаған адамына, қалаған уақытында берілуі керек! Немесе Қазақ Хандары секілді, Сауд патшасы сияқты, өле-өлгенше болу керек. Ңұрекең басқарған, осынау 23 жылда жеткен жетістікті соқыр ғана көрмес. Міне бұл, біздің демократия. Шынайы бүкпесіз. Осы уақытқа дейін, Ешкімнен тапсырыс алған да емеспін. ИН ША АЛЛАҺ алмаспын да. Қисық сөйлеп, Ел бұзар ұсыныс айтсаң, демократия да, Елді бірлікке шақырып, жөн сөз айтсаң, жағымпаздық екен ғой. Оттапты! Және америка, батыстың демократиясы өзіне. Нағыз демократия Қазақ даласында ежелден қалыптасқан! Қазір де бар. Бірақ қазіргілердің көбі заказной… және майдаланған қатын өсек! Жоқ, бұл Қазақ даласында демократия жоқ дегендік емес. Ежелден бар. АЛЛАҺҚА ШҮКІР Нағыз демократия, Қазақ даласында, –Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! деген тұрғыда бар еді. Бірақ оның өзін, қазіргі кейбір майдаланып кеткендердей, “тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп, аузына келгенді айту емес еді. Байыппен, сабырмен, және кез-келген көлденең көк атты емес, Халықтың қалаулысы, Ел сенім артқан, аузы дуалы, бір тамағым, бір таяғым деп, заказбен істемейтін, ілуде біреу, оның өзін шариғатқа сай жеке айтқан.
Қазіргі кезде, Патша туралы жақсы айтқанды, жағымпаз деп, керісінше жамандаса “батыр” деп жататындар ақылына салып ойланса етті. Мысалы қай-қайсымыздың да Құдайға Шүкір, қызмет пе, азды-көпті бизнес пе, құрығанда үй-жай қатын, бала-шағамыз, жаманды жақсылы көлігіміз бар дейік. Бұл АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ бізге берген ырзығы деп, қабылдаймыз. Енді соның біреуін, бір адамдар кеп, қане қызметіңді, көлігіңді т.б. ны дауысқа салайық та, жеңген адам алсын десек, таза ақымақтық болар еді иә! Сол сияқты, біреу патша, біреу әкім, біреу полицияда, тағы біреу бизнес,базарда, немесе мұғалім. Бұл Тағдыр! Сондықтан да барымызға Шүкіршілік ету, дені дұрыс әр азаматқа лайықты іс. Керісінше, неге Патша, я болмаса кез-келген саладағы қызметкер болсын, ұзақ отырады, әділдік қайда дейтіндер, өз жанұясында проблема барлар. Біз Желтоқсанда Қазақтан басшы болсын, деп шыққан едік. Және сол жолда бауырым Қайрат, ЕРКЕК ТОҚТЫ ҚҰРБАНДЫҚ! болды.
Сондықтан да 1986 жылы, көтеріліске саналы түрде шыққан, кез келген Желтоқсандық, Қазақтан Патша боп тұрғанда Шүкіршілік етеді. Тәуелсіздік қадірін түсінеді! Ал, сол кезде, көппен бірге әшейін шыға салған адамдар, олар қазірде әшейін далбасалап жүргендер. Шықпай қалғандар, бұғып қалғандар, бірін-бірі сатқандар сөйлемей-ақ қойсын! Қай-қайсымызда кемшіліксіз емеспіз. Патша тұрмақ, қай-қайсымыздың да, Абай атамыз айтқандай, “Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің сөзден аманы жоқ”. Қазірдің өзінде ешқайсымыздың да, сөзден аманымыз жоқ. Мынандай алмағайып заманда, барынша сөзге ермей, әркім өз жолын білу керек! Бізді сыйлап, сый-сияпат беріп жатқан өкімет жоқ. Керісінше “халық ассамблеясы” біз көрмей жатқан құрметті көруде. Бірақ Ұлттық мүдде, Тәуелсіздікті, біздің жеке мүддемізден әрқашанда жоғары қоя білген, Текті, Батыр, бір сөзді, Ата-Бабалардың ұрпағымыз! АЛЛАҺ ТАҒАЛА, Соған сай өсіп-өнуді нәсіп етсін! Елімізді бейбіт қып, ырзық-несібемізді мол етсін! Саналы бауырларым, сөзімізге қосылады деп білеміз. Бір тамағым, бір таяғым дейтіндер, Қазақ Елінің атынан сөйлемей-ақ қойсын дер едім!!!
“Желтоқсан рухы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбек

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*