Home » Ақылдыға, Иман парыз » КӨКТЕМ КЕЛСЕ АБЫРОЙЫ АШЫЛАТЫН ҚЫЗДАРДЫ ОЙЛАП ҚАЙҒЫРАМ…

КӨКТЕМ КЕЛСЕ АБЫРОЙЫ АШЫЛАТЫН ҚЫЗДАРДЫ ОЙЛАП ҚАЙҒЫРАМ…

Апырмай ә!  Көктем келе жатыр… Көктем келсе көңілім шайдай ашылатын, алайда, бұл күнде бәрі басқа көктеммен бірге абыройы ашылатын қыздарды ойлап жүрегім ауыратынды тауып алды. Әйелдердің жаппай жалаңаштануынан не бір қылмыстар жасалып жатыр… Жастардың және жасамыстардың тұтасымен ажырасуы, көзге шөп салу, талақ беру, зина жасау, адам өлтіру, қыз зорлау, түрмеге түсу, өзіне қол салу т.б қылымыстық оқиғалар әлеуметтік қоғамды бұзып,  «сөз жүзінде» айтылатын өркениетті қоғамның астаң – кестеңін шығарды. Ғалымдар: «Бір елдің немесе бір мемлекеттің болашағын көремін десең әйелдеріне қара» деген. «Егер әйелдері бұзылған болса, қоғам бұзылады, олар жақсы болса ұлт қуаттанып, мемлекет іргесі нығайады» деген. Жақында ғана оңтүстік облыста әйелі мен қызын зорлаған әкенің қылмысы біраз адамға ой салды. Адам баласына бермесін!..  Қайуанның өзі, өз жатырна шаппайды. Діннің жоқтығынан малдан күні төмен болған адамдар бар… Оны тереңдетіп айтуға нақты дәтім бармайды. Алайда, тергеушіге берген әкенің ақталу сөзінде, мастығының себебімен қоса қызының жаппай жалаңаштанып ұятты жерінің ашық жүретіндігі қылмысқа итермелеген… Сонда жалаңаштану қазақ қоғамынна не істетпей жатыр?  Өткен жылдардағы екі жыл бұрынғы мәлметте  кәмелетке толмаған тоқсан өспірім қыздардың зорлануы ненің кесірінен?  Азғындық пен имансыздық не істетпей жатыр? Олай болса өзекті тақырыпқа келейік.

            Көктем келсе әйелдер жаппай жалаңаштанады.. Омырауы, емшегі, шалбары  төмендеп нәпсілік орындары ашыла бастайды. Нәпсі бездерінің безгегін қозғайтын не бір жанды суреттер көше бойларын да, базарлар да, мегалар да, мекемелер де, мектептер де, балабақшалар да жүзіп бара жатады… Бала бақша мен мектептерге дейін тәрбиенің үлгісі болып алған сол келеңсіз жалаңаштану баладан бастап, қарияға дейін еркектер қауымына  писихологиялық соғыс жасап жатыр…  Адам рухының тұнығынан саулған иманға шабуыл жасалуда… Аманат кепілдікке берген адам жанының азабын ауырлататын күнәларға жан-жақтан есік ашуда. Алайда иманның дәмін татқан шынайы мұсылман оған пысқырыпта қарамайды. Құранда:  «иман келтіргендер қайғырмайды» деген аят бар. 

 Медицина ғалымдарының айтуында, сол келеңсіз көріністі көрген қарсы жыныстағылар жаппай белсіздікке ұрынып жатады екен. Себебі маторы көргенен кейін қызып, дәл сол мезетте еш нарсе жасалмағанан кейін организымдерде өлу клеткалары пайда болып, қуатынан айырыла бастайды.  Оның дәлелі батыс елдеріндегі өсімнің бір жола тоқтауы, үйленбеуі, еш себепсіз адамдардың өзіне қол салу осы шындықты аша түскендей. Бүгінде бізде сол нәпсі бездерінің безгегін жырлайтын роликетр мен кинолардың қаптауы тегін емес… Біздің халықтың ішкі қауатының әлсіздігін сыртқы күштер жақсы білген. Сол арқылы орамал мен сақалды саяси сахынаға шығарып саяси күрес жүргізді…

 Мысалы сақалмен алысатын не бар еді? Өткен Хан мен сұлтандарды сақалсыз елестету мүмкін емес. Кеше ғана ұлт азаттық соғысының хас батыры Оспан Сілам ұлының 20 жасындағы қаба сақалмен түскен суретін көрдік. Суды сіңген жеріне құй дейді, қазақ. Бұл туралы  айтып шаршадық.  Әсіресе саңырауларға естірте алмайсың… Мұсылманның қорғаны деп айтуға тұратын ұлы нәрседен неге айырылдық?  енді өз болымсымызды тауып жатсақ неге жауықтық? Орамал кімнің тақымына қыл бұрау болып еді? Орамал кімді соқыр қылып көзін байлап еді? Әжемізден келе жатқан орамал кімге сарыжұлдыз болған еді? Егер біле білсек орамал бүкіл адамзат үшін қайырлы. Нәпсі көздерінің көзін байлаушы қорған. Түрлі жамандықтардан бізді аман сақтайтын қамал!! Қазақ қоғамы әлі сол баяғы орамалдың дауымен әлек.

 Қасқыр тартқан елтірідей жұлмаланды. Бұлда сол болымысынан айырылған халықтың су қараңғылығынан туған бақытсыз тартысы еді. Бәз бір ағайындар қазақ әйелі ешқашан оранып жүрмеген, ашық – шашық жүрген деген шайтани уажын тықпалап, орамал тағу арап халқының салты, ұлтымызға жаны ашымайтындар араптандырғалы жатыр… т.б. дабыл қағуда.  Қойшы әйтеу осы мәтіндес сөздерді қарша боратуда. Не деуге болады?  Сонда ұлтын қорғағаны қыздардың абройын ашып қорлағаны ма? Қыздарды жалаңаштандырып алып ұлтты қорғамақ па? Атам қазақ «Есті қыз етегін қымтаған, ақылды қыз арын сақтайды», «Қызды қырық үйден ти» деп сөздерді ақымақ болып айтқан болды ма?..

Жаңағы айтқыштар аталмыш жалаңаштану туралы ар мен намыстан айыратын болды? ұлтты қор етті, қазақты жойятын болды деп өмірі айтпайды… неге? Ал орамал таққан қызды көрсе, кірпідей жиырылып  заман не болып барады өзі? Араптанып барамыз ба? деп қарадай қормалси қалады. Әншейінде иттен қадірсіз көретін дәстүрді көлденең тарта қалады. Керемет ұстанып жүрген адамша айғұақтанып ұлтшыл болып шыға келеді. Дәстүрді исламға қарсы құрал ретінде пайдаланғысы келеді. 

Исламды қабылдағанына мың жыл болған қазаққа дінді жат қылып көрсету нені меңзейді? Ұлтсызданудан қорқпайды, мұсылман болудан неге қорқады? Қазірге дейін қазақ танымына салынған әтейістік деген қара құлып бар, сол шағылмай қазақ болмысымызды табу қиын. Сол бір жапырақ орамал үшін бәр жұмысты қайырып қойып күнде жиын, күнде шу. Қазақтың тілін дамытуды 2020 жылға ысырып қойып, бәріміз сыбанып алып орамалды алдыруға кірісіп кеттік. Әлеуметтік желілерде де соны отырып алып күстаналап жатқан. Бұлда ішіміздегі сырытқы саясатты жүргізіп отырған белгізісіз адамдардың санамызды ұсақ-түйек нәрсеге аударып қойып өз дегенін атқарып отыратын кәнігі тәсілі. Шын мәнісінде бұл кішкене нәрсе деугеде келмейді… Олардың қол шоқпарына надан тобыр таптырмайтын құрал. Өзін – өзіне жамандатумен тарихын, мәдениетін жоғалту арқылы рухани және заттық жақтан бір жола отарлау.

            Құранда әйелдердің әретін жабуды парыз еткен. Сол парызды орындаған адамды жамандау ақылға сай келе ме?  Әйел затының ұзын киюі, басына орамал салуы исламнан басқа діндерде де болған. Мысалы Еврей хахамы Менахем М.Брейлер реввиндердің ерте заманда ұстанған үкімі жайлы жазады. Онда: «Еврей әйелдеріне орамалсыз жүру жараспайды… Әйелдеріне орамал салмай жүруді рұхсат еткен елдерді қарғыс атсын… Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйел жоқшылық әкеледі…» деген сияқты жолдар бар.

 Қысқасы көне иудей дінінде – басы жалаңаш әйелдің қасында жасаған дұға қабыл болмайды, дейді. Ертеде исрайыл қауымы зинашы әйелдерге ғана орамал тақтырмайтын заң болған. Католик дінінде әйелдердің басына орамал салуды міндеттеген. Христиан дінінің көптеген ағымы орамал тағуды талап етуде. 

            Әйелдердің толық оранып жүруі физологиялық жақтан өте пайдалы болған. Медицина ғалымдарының айтуында әйелдердің ашық-шашық жүруі қатерлі ісік ауыруын келтіріп шығарады екен. Кіндік пен омырауының ашық жүруінен бедеулік келіп шығады. Гинеколог мамандары жабынбаған әйелдердің көп бала табуға қауқарсыз екенін дәлелдеп отыр. Баяғыда оншақты құрсақ көтеретін аналарымыз неге жоқ, гап осыда жатқан көрінеді. Ішкі ағызадағы бауыр, бүйрек, жүрек, жыныс жолдары ауыруын келтіріп шығаратын сол баяғы ашық-шашық кинуден келгенін нақты дәлелдеп отыр  түрік ғалымы Синан Зерен.

            Демек біздің ата-бабаларымыз жалаңаш әйелден келетін қатерді жақсы білген. Әрі шариғат іліміне сай дәстүр қалыптасып отырған. Орамал таққан әйелді бақытқа, берекеге балаған. Әйеліне орамал таққызып, жабық кинуге бұйырған еркек шын жаны ашитын адам деп санаған.  Қазан төңкерісіне дейін күллі қазақ даласында ашық жүрген әйел болған емес. Тіпті болар болса сол кездің законымен бір сәтті өмір сүре алмас еді.  «Адам көркі шүперек» дегендей ұятты жерін жасырып, абыройын қорғағанда ғана адам деп саналмақ. Орамал – ар мен ұяттың қалқаны. Бүгінде Алланың рахымымен орамал мен жабық киімге күн сайын сұраныс артып келеді. Аллһтың дінін ешкім жоя алмайды. Аллһ кімді сүйсе соған иман беріп, бізденде жоғарылардың алдында беделін көтеретіні туралы құранда айтады.  Осы орайда әпке, қарындастарымыз өздеріне ыңғайлы ұлттық үлгідегі киімдерді таба алмай, хиджап киюге мәжбүр болды. Олардың ойы арап болу емес Ең бастысы Алланың бұйырығын орындап, пайғамбарымыздың (с.ә.у) сүннетіне амал жасау мен бірге ата дәстүріне мұрагерлік ету. Қысқасы, Алладан қорқып, адамдық арды қорғаған. Жалған мен шындықтың арасын білген. Дәретсіз жер басып, бала емізбген саналы рухты әйелдерге қандай мін тағатынына таңым бар. Қайта құрметтеп оларды үлгі етудің орына, өзекке тепсек кім болғанымыз?

Зайырлы қоғамның зағиптығының бір үлкен көрінісі аталмыш әйелдердің жаппай жалаңаштануы. Жыл сайын көктем келсе  иман келтіргендер мен намысты әжелер, әйелдер фитынасынан үрейленеді… Бұл шынында крезистен асып түсетін, соғыстан кем қалмайтын үлкен проблема.  Бетін басып жылап тұрған жалаңаш көшелер қандай болашаққа бастап тұр? Ұлы денесі тастай жабылған шашын найзамен тараған қыпшақтың  оранған хас сұлуы не күйге түсті? Абройы онбесінде толған Айдай биік болған Алаш аруы артын ашып жүр деген қандай қасірет?

 «Өзгенің қаңсығы, бізге таңсық» болған Батыс өркениетінің жермен-жексен құлауының ең басты себебі, екі адамға ғана құпия жыныстық қатынасты, аты шулы өнер, қырғын бизниске айналдырып алуынан болды. Сол шайтани ойын аяғын нық басып бізгеде келіп жеткен сыңайлы. Айналаның бәрі жамандыққа шақырып тұр.. Жалаңаш әйел жарнама мен сауда отрталықтарының көз байлауышына айналған. Бұл додаға қазақ әйелдеріде бетпе –бет араласып кетті, шығалмай тұрған көзғой енді қайтсын? Оңтүстіктен шыққан Айгуль Утепова  осының нақты көрінісі…  Ол осы  ойынның бір ғана кейпкері деседе болады. «Қазақ қыздары жалаңаштанңдар» деп жүрген сол. Баян Есентаева мәдениетті түрде жалаңаштануды айтсада бірақ бұл тізімге қосқым келмейді. Жалаңаш әйелдерді көргім келмейтіндіктен көктемдіде жек көре бастадым. Ойлаңдаршы, шындыққа тура қарап, есі дұрыс адам көктемді жек көре ме?

 Серік Боқан
аранйы Желтоқсан рухы сайыты үшін

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*