Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » Талғат Рысқұлбек: Бәрін өзімізден бастайық ағайын…

Талғат Рысқұлбек: Бәрін өзімізден бастайық ағайын…

… Қайрат екеуміз тай-құлындай бірге өстік. Қайрат 1966ж. Мен 1968ж. Оқуды “үздік” бітіріп, екеуміз де 1986ж. (Ол әскерден соң) Қайрат ААСИ-ге, мен КазПТИ-ге түстік. Желтоқсанда Қайраттың жағдайы бәріңе белгілі, мен ұсталып, оқудан шығып қалдым. 1987-89 ж.ж әскерге өзім сұранып кеттім. Өйткені қаңтарда мені ұстаған милиционер, (“Желтоқсанда” оцеплениеде болған, Алматыдағы жоғарғы милиция мектебінің 3-курс студенті), ұсталғандардың бәріне “іс” қозғалады, шамаң жетсе, қалаға жолаушы болма деп, жібере салған еді. АЛЛАҺ ТАҒАЛА, сол Бауырымызды үй-ішімен ИМАН байлығын беріп, Панасына алсын!!! Қайраттың хатын оқысаң, маған сұрақ қоймас ең. Әуелі АЛЛАҺҚА, сосын Талғатқа сенем деген, үйге жазған хатында. Әскерден келген соң, Бауырымның #аманатын арқалап, ісін қайта қарауға себепкер боп, Қайраттың өзі жазғандай, Елімді басындырмаймын деп, әрі Қазақтың қыздарын қорлатпаймын деп, қол бастап шыққаны рас, бірақ Савицкийдің өліміне қатысы жоқтығын дәлелдеймін деп, бармаған жерім, ашпаған есігім қалмады. (Мұхтар Шаханов, Коммунар Тәбей, сол кездегі аудан ид. бастығы Мұсахан Беймбетов т.б.ағамыз куә). 1989-91 ж.ж.Бүкіл Қазақстанды аралап, өтірік куәгерлер мен “сатқан” достарын тауып, түсініктемелерін Мұхтар Шахановтың комиссиясына өткіздім. АЛЛАҺҚА ШҮКІР! Мұхаң да себепкер боп, Қайрат 1992 жылы ақталды.

QQ图片20150318212440

-Қайрат Ақталуға лайық, Ақтаңдар деп, тапсырма берген де Нұрекең(Сол кезде прокуратурада істеген, Қозыкөрпеш Кәрібозовтың сөзі).. Кейіннен 1996 жылы Мұхаң, Елбасына Қайрат және Желтоқсанда қайтыс болған ұл-қыздарды, Өкіметтік наградаға ұсынып барғанда,

Елбасымыз Нұрекең, -Қайраттың ісімен толық таныстым, нағыз “ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ” атағына лайық екен” (Мұхтар Шахановтың сөзі) деп, кейіннен “ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ” атағын бергізген еді. Қайратқа “ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ” атағын бергенде, #Қаймана Қазақтың қуанбағаны жоқ шығар. Соның ішінде сол кездегі Жамбыл обл. әкімі Амалбек Тшанов пен Павлодар обл. әкімі Ғалымжан Жақиянов ағаларымыз арнайы жеке құттықтаған еді. 1986-1992 жылдары (6 жыл), Қайратты ақтағанға дейін, есігімізді туған нағашыларым Асанбаевтардан (Атам Рысқұлбек соғыста, Сталинградта қайтыс болған. Қайрат екеуміз, нағашыларымыздың қолында өстік. Атам 1984ж. 97 жасында, әжем 1985 ж. 77 жасында, қайтыс болған, екеуіде соңғы күніне дейін, Намазда еді) басқа ешкім де ашпаған еді… Кейінгі сөздерімді Халыққа ренжігеннен айтып отырған жоқпын. Анам марқұм айтушы еді, “Кешірімді болсаң, АЛЛАҺТЫҢ КЕШІРІМІНЕ ие боласың!”-деп. “Тас түскен жеріне ауыр”-дегендей біздің жанұямыздың басына түскен, сол кездегі моральный қиыншылықтарды айта берсең таусылмас. Әкемді 1987 (зоотехник еді) Асанбай Асқаровы т.б. соттаған жылы 3 жылға соттап жіберді. Үлкен ағам Есентайды жұмыстан шығарып жіберді.. Мені 1987 ж. күзінде, әскерде 6-ай учёбкада дайындап, (Алматыдағы “бунтовщик” Қайрат Рысқұлбековтың бауыры екенімді біліп қап) Германияға кетіп бара жатқан полктен, жалғыз өзімді алып қап, Нижний Тагилге лақтырды. Тағы-тағысын сатқындар, қазіргі “батыр” боп жүргендер т.б. туралы талай дүние айтуға болар еді. АЛЛАҺ ТАҒАЛА, “шаңның тозаңындай жасаған жақсылықтарыңды да, шаңның тозаңындай жасаған жамандықтарыңды да көресіңдер” деген тұрғыдағы аятқа ИН ША АЛЛАҺ амал етем. Апамның өсиетіне сай, бәрін де кешірдім! Бұндағы мақсат, айтпағым айдаладағы, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, сырт дұшпандарының айтағына еріп, демократия деген сайқалды ерттеусіз мініп, желігіп, бір-біріне жем боп жатқан Қайран Қазақ! Дұрысын айтсаң-жағымпаз, бұрысын айтсаң-“батыр”-деп, қабылдағанды қойсаңдар екен. Біл еңдер, 1986 жылы, Қазақтан басшы болсын! -деп шыққан арманымыз орындалып, қазіргі Елбасымызға жылап көріскендей жағдайдамыз. Құй түсін, құй түсінбе! Ағайындар-ау кез келгеніміз бірінші, үй-ішімізден сұраламыз. Соны дұрыстап алайық. Ары қарай туған-туыс, ауыл-аймаққа сыйлы боп алайық. Бір-бірімізді шұқығаннан ешкім опа таппақ емес. Мүйіз шықса, БАҚ тағылар бұғыдай боп кетер еді… Дінді кім қалай ұстанады, қайтіп ұстанады, не шатағың бар? Иегова, кришнайт, санталогия, новая жизнь, католик т.б. ға кетіп жатқан қазақтарды көздеріміз неғып көрмей қалған? Солармен күресейік, алақандарың мен саусақтарың қышып бара жатса… Жатып кеп, Мұсылмандар бір-бірімен әлек. Керек болса, әрбірден соң, “Дініи сенім бостандығы заңы” бойынша әркім өзі біледі емес пе, кім нені ұстанатынын. Қазақ Қазақа, өзі аз-аққа, Құрандағыдай АЛЛАҺ деп емес, АЛЛА деп жаз, айт, сақал, балақ, т.б. басқаға сөйлегенше өзімізден бастайық. Мемлекет, Елбасымыз, Қазағымыз, жақсы болсын, жаман болсын, өзіміздікі емес пе?! Мемлекттің қисайып тұрған кірпішін, түзету қолымыздан келмесе де, түзу тұрған кірпішін қисайтпау, қолымыздан келеді емес пе?! Халқың қандай болса, Патшаң сондай! Мысалы, әрқайсымыз қандай болсақ, Патшамыз сондай, болмақ. Ендеше өзімізден бастайық. Мені жанұям қалай бағаласа, мен де Патшаны солай бағалаймын! АЛЛАҺ ТАҒАЛА үш адамға жүзін бұрмайды дейді, Әділ болмаған Патшаға, ақбас зинақорға, тәкәппар кедейге! Керісінше, жеті адам, АЛЛАҺ ТАҒАЛАНЫҢ Аршысының көлеңкесінде болады дейді,

QQ图片20150318212450

1.Әділ Патша,

2.Жастайынан құран жаттаған,

3.Жүрегі мешітке байланған,

4.Оң қолы берген садақаны, сол қолы көрмеген,

5.АЛЛАҺ Разылығы үшін бауырласқан,

6.Бай, әрі сұлу әйел зинаға шақырса, АЛЛАҺТАН қорқып бармаған.

7.АЛЛАҺТЫ ойлап (ахіретте алдына барғанда, не деп барарын, лайықты ма, жоқ па) оңаша қалғанда жылаған!

Міне Ағайын, Әркім не ексе, соны орады. АЛЛАҺ ТАҒАЛА Елімізге бейбітшілік беріп, Халқымыздың ырзық несібесін мол етсін!!!

11071214_646256895502213_344963478_o

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*