Home » Ақылдыға, Иман парыз » Кейбір БАҚ пен жеке саясаткерсымақ сатқындардың, аузы қимылдаса, арты да қимылдайды боп жатыр

Кейбір БАҚ пен жеке саясаткерсымақ сатқындардың, аузы қимылдаса, арты да қимылдайды боп жатыр

Абай атамыздың, ..Бұл қазақ тыныштық қалайды, АЛЛАҺ ТАҒАЛА тыныштық бере қалса, бірін-бірі түртпектеп бәле іздейді, дегеніне сол кездегі қазақтардан да қаттырақ, қазіргі қазақтар лайықты ма дерсің… Қазіргі уақытта, “қолы қимылдағанның аузы да қимылдайды”. (Не болмаса, керісінше кейбір БАҚ пен жеке саясаткерсымақ сатқындардың, #аузы қимылдаса, арты да қимылдайды боп жатыр). Қарапайым қазақтың кезкелгенінен сұрасаң, өміріне риза. Әйтеуір өйтіп-бүйтіп, Алматының шетінен, каркастан үш бөлмелі, үй сап алдым, немесе, өткенднгі маздамды сатып, тайота марк-2 алдым.т.б. деген сияқты Шүкіршілік еткендерді көресің. ..Керісінше, Халықтың 1-2 % құрайтын “өмір бақи өміріне риза еместер” мен #ШетЕл қаржыландыратын БАҚ тар мен осы Фб та отыратын, солардың жандайшаптары, және айдалада отырып, ет пен терісінің арасына жел біткен, “ат үріксе, ешек қоса үркетінге” лайық боп отырған, ары кетсе 5-6 мың, болатын желөкпе топ қана бар. Қооош дейік. Ал, кезінде билік тұтқасын совет кезінен ұстап келе жатқандардың балалары мен немерелері әлі билікке жармасып, сол дағдымен көтеріліп келе жатыр. Қазіргі министр, сот, прокурор, бизнес, общым кез келген бай алпауыттың ар жағын қарасаң, аталары, әкелері сонау 37 жылдан, сататынын сатып, ататынын атып, болғаннан қалған, билік десе бәрін ұмытатын, (37-де бәрін құртып, ит жоқта шошқа үріп) сөйтіп тізгінге ие боп қалған, совет кезінен министр, секретар, директор, бухгалтер заготовитель, кем дегенде совхоздың қоймасының кілтін ұстағандардың балалары. (Менің әкем де зоотехник, управляющий болған. Бірақ шындық бөлек нәрсе. Солардың сойылын соғып жүргендер, сол кездегі директордың шопыры немесе ары кеткенде мектеп директорының балалары). …Сонда да солардың ішінен, Нұрсұлтан Назарбаев қаншамасын қабілетт-ау деп, өзіне тартып, небір жоғарғы лауазымның тізгінін ұстатты. Бірақ о баста бабаларымыз айтқандай, “Атасы жарымағанның асын ішпе” дегендей, “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас” тың керін киіп, шет ел асып қашып, онда барған соң (Ғалымжан, Төлен сияқты бірлі-жарымнан басқасы) Нұрекеңнің өзіне қарсы аузына келгенін айтып, қу дүниемді сақтауға септігі тиер деп, АҚШ, израйль (общым массондар) т.б. барлау қызметінің айтқанына еріп, айтағына үрді. Ол оңбаған-массон еврейлер өле-өлгенше соңыңнан қалмайтын, сасық иістен бетер, қасына жоласаң бітті, иісінен де басқасынан да, өмір бақи арыла алмайсың, #ол шайтан біле білсеңдер!!! Ақыры не айт десе, соны айтқызып, бұл байғұстарға білгенін істеп, пайдаланып, әбден қолданатын жерде қолданып, соңында бұрын білмеппіз, шынымен оңбағандар екен ғой, деп шап беріп ұстап түрмесіне тоғыта салды. Енді онысымен қоймай сол бейшарамен, біресе украйнаға, біресе ресейге, біресе қазақстанға берем деп, “до поледного выжимать” етіп қор ғып отыр. Міне сайқалдық кімде. Біз жүрміз қуалап, демократия, шындықты айтты деп елеңдеп, тақымымызды кімге қысарымызды білмей, қасымыздан қиқулап шауып өткен, жабы мен ешектерге елеңдеп…
11067838_647909315336971_1463460067_o   11069182_647909278670308_1860353996_n
Қара қазақ жем болма, кім көрінгенге. Біз әшейін ойыншылар мен пайдакүнем сатқындардың қолындағы көсеуіне айналудамыз. Көзіңді аш, санаңды оят, жетер жем болғаның!
Талғат Рысқұлбек

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*