Home » Ақылдыға, Иман парыз » КРИЗИС КЕЛЕ ЖАТЫР…

КРИЗИС КЕЛЕ ЖАТЫР…

Өткен күзден бері кризис келе жатыр деген жағымсыз хабар, құйындай ұйтқыды. Әбден ерқашты болған халықта бір үрей басталды…Екі адамның басы қосылса соны айтады. Ақылымызды ақша билеген қор заманның сиқы ай деші! Ақшасыз әжетханағада кіре алмайтын, көркі көк қағазбен өлшенетін өмір осы. Кімге өкпелерсің? Көгілдір арманға жеткізбей діңкеңді құртатын – көкала қағаз сол.

«Ақылды болсаң неге бай емессің» деген немістердің қанатты сөзін хадисше жаттаған қауымды кредиттік сана ессіз билеген! Осыны жазып отырған өзімде соған жіпсіз байланғам. Нарыққа қарсы халық Ескілікті жауға қалай төтеп береміз деп қалқан іздейтін көрінеді.. Бұл сонау тәуелсіздік алған жылдан бері қарай келе жатқан халық пен нарықтың бетпе – бет күресі болатын. Демек, кризис келеді десе елді үрей билейтіні анық. «Қобыланды келеді сайменен» дегендей кризис келе жатыр деген сөздің өзі рухты баса түсуде.

11117566_660756214052281_1587240826_n

Еттен өтіп сүйекке барған аумалы-төкпелі нарық толқыны елдің еркін билеп, еңсесін еңсеріп бара жатқаны шындық. Жоқ енді бір жағынан бұл да алдын ала сол ақпараттар жұрттың рухын басып барады. Біреуге тас атпаса жүре алмайтын кейбір оппозицялық күштер мұны биліктен көріп, қолдан жасап отыр деп айыптап жатыр… Мұның бәрі қолы жүрмесе кісіден көруді әдетке айналдыратын, одан қалса өзінің саяси ойынының ұпайын толықтыратын топтардың тірлігі!

11139466_660756247385611_1292652311_n

Шын мәнісінде мұнан үрейленетіндей дәнеңе жоқ. Бұрынғылар айтушы еді «Мұнан жаман күнімде де тойға барғам» деп, сондықтан өтпелі өкпек желді дауылға балап дабыл қағудың еш жөні жоқ. Мынадай бүлігі көп заманда бейбітшіліктен асқан – байлық жоқ! «Бір күндік бүлік, қырық жылдық залым патшаның қол астында болғаннан жаман», деген хадис бар, сондықтан тыныштықта ішкен қарасу артық – үрей мен соғыстан!.. Қарап отырсақ адамзаттың алғашқы дәуірінен басталған Перғауындар билік құрған Египетке тең келер ел бар ма еді? Бүгін тас- талқан болды. Ары бармай-ақ қырғызды айтпағанда, 47 миллион халқы бар Украйын не болды? Көрші елдердің оқиғасынан тәжірибе, сабақ алуымыз керек. «Қанағат қарын тойғызады» дегендей «барға шүкір, азға қанағат, жоққа сабыр» дейді қазақ.

11158014_660756227385613_1119252902_n

Тәуелсіздік жылдарының ең ауыр кезеңдерін артқа тастадық. Ілім де білген сайын жеңілдейтін секілді, мемлекет көнеленген сайын жақсара беретіні бар, тек соғыстан аман болса… Өткенге қарап отырсақ сонау 90 жылдар қандай едік, жанды шүберекке түйіп нанның күресі басталмап па еді. Өмір сол түрлі сынақтардан өтіп орнынан тұрған жаңа мемлекет құрылды бүгін… Бүгінде Американың Ресейге салған санкциясы Қазақстанға белгілі мөлшерде әсер етіп жатыр. Әрине көршіге соққан дауылдың ызғары шарпитыны айдан анық.

Солай бола тұрғанмен шын мәнінде біз қорқып кететіндей таяп тұрған ештеңе жоқ. Мысалы 2008-ге дейін мұнай бағасы әлемдік деңгейден Қазақстанда 30-31теңгеге дейін төмендеп, кейін кайтадан 2008 -де 153 ке дейін көтерілген. Кейін 2013 те 40-41 ге түсіп еді, Кейбіреулер Елді шулатып азан-қазан жасамақ… Шүкіршілік, міне 2015 жылдың көктемінде мұнай бағасы 55-60 теңгеге өскен. Бұған қарап отырып біз аса алаңдайтын ештеңе жоқ екенін байқаймыз. Одан бөлек қоғамды үрейлендіріп келе жатқан тағы бір мәселе Қазақстанның – сыртқы қарызы. Ол 155 миллиард доллар, әрбір ұрпақтың мойынында 9 мың доллардан тура келеді, сондай-ақ Ішкі қарызы 80 миллиард доллар, деген мәліметтер бар.

Бір қарағанда бұл естіген адамды бейжай қалдырмайтын мәселе, алайда, дамыған елдерде бұл қалыпты құбылыс екен. Әлемдік экономикаға төрағалық етіп отырған Қытайдан басқа мемлекеттердің бәрі қарыз. Одан қалса Малазия, Сауд Арабия бастатқан біраз мұсылман мемлекеттерінде сыртқа қарыз жоқ. Америка бастаған батыс мемлекеттерінің сыртқы қарызы бір қарағанда адам шошырлық. Мысалы Американың сыртқы қарызы 18 трлион доллар, ішкі қарызы 110 трилион доллар. Демек осы мәліметке қарап отырып Қазақстан туралы түймедей нәрсені түйедей қылып жүргеніміз байқалады. Оған ешкімді кіналап отырғанымыз жоқ.

11158086_660756264052276_1185501793_n

Шама бар қарыз арқаламаған жақсы алайда экономикалық тұрақсыздықтар мен қалыптаспаған ел болғанан кейін уақытша бәріне тәуелді болуға мәжбүрміз. Қорытып айтқанда, әр қандай нәрсеге дұрыс пайым жасаған жөн. Мысалы сол Қазақстанның сыртқы қарызы туралы дабыл қаншама жыл өзімізді де алаңдатып келді. Оны тіпті айтушылар қара аспанды төндіріп құрыды дегенге дейін апарғаны бар. Шын мәнінде мұның бәрі «самауырды су алды десе, Самарханды су алды» дегендей асыра сілтеніп айтылған сөздер.

Бұл туралы иманға берік азаматтар жағы ырыздық Аллаһтан ғана келеді, әрекетке берекет деп салқын сабырмен қарап қаперге алмайтын көрінеді. Ішкі дүниедегі иман атты имунитеттің бұлда бір – ұлы сипаты. Айтайын деген сөзім «Таңғы несібе Алладан» деген халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпайық.

 

Серік Боқан
арнайы Желтоқсан рухы сайты үшін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*