Home » "Халық қаһарманы" Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаяны » “Халық қаһарманы” Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаяны

“Халық қаһарманы” Қайрат Рысқұлбековтың өмірбаяны

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13-науырызда Жамбыл облысы Шу ауданы, Бірлік ауылында қарапайым малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай мен анасы Дәметкен де – жергілікті тұрғындар. Қайрат Рысқұлбеков 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкаров атындағы мектеп-интернатта сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты өте жақсы үлгеріммен оқып, сыныптан сыныпқа емтихансыз көшіп отырған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымына хатшы болды. 1981-1983 жылдары Бірліктегі С.М Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген. Әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесіне жәрдемші малшы болып, Көктерек кеңшарының таулары-сүт фермасында жұмыс істейді. 1984-1986 жылдары Амур өлкесіндегі Белогер қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше рет мақтау қағаздармен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылдың мамыр айында әскер қатарынан ауылға оралып, сол жылдың тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматы сәулет-құрылыс институтына өз білім күшімен қабылданды.

One comment

  1. Осындай агаларымыз бар болганына катты куанамыз. Осы омирде бир шалкып-балкып кетпеседе о дуниеде ин ша Аллах жаннатта мангилик бакытты болар..

    казир де жок емес альхамдулиллах Елимдеп,жерим,диним,тилимдеп айанбай тер тогип журген жандар. Алайда оны елеп ескерудин орнына корелмаушылык басым казакта.

    Тиринин созден аманы жок
    Олгенин жаманы жок деген расау..

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*