Home » ЦРУ -ДІҢ Директоры Даллестің Ұлтсыздандыру жоспары » ЦРУ -ДІҢ ДИРЕКТОРЫ ДАЛЛЕСТІҢ ҰЛТСЫЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ

ЦРУ -ДІҢ ДИРЕКТОРЫ ДАЛЛЕСТІҢ ҰЛТСЫЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ

Жалпы әлемдік билікті аңсаушы елдер түрлі ұлттан бір ұлт жасайтын «ұлы саясатта» қаржыны да, уақытты да, түрлі әдіс тәсілді де аянып қалмайтыны ақиқат.

Мысалы, халық саны жағынан әлемдік біріншілікті ұстап отырған қытайды 200 ден аса ұлт пен ұлыстар құрағанымен, олар бір ғана қытай ұлтына айналған, қазір сақталып отырған 56 ұлтқада тықыр таянып қалған. Бұл жеңіс ханзуларға 5 ғасырдан кейін бұйырып отырғаны тағы бар. Америка құрамасы туралыда осыны айтуға болады.

1953-1961 жылдары АҚШ ЦРУ директоры қызметін атқарған Аллен Уелш Даллестің әйгілі ұлттарды жоюға арналған «Даллес жоспары» толық жүзеге асқаны анық. Төменде сол жоспардан үзінді келтіреміз:

«Әдебиет пен өнерді ұлттық құндылыққа терең тамыр жіберетін дүниелерді алшақтатамыз. Әдебиет, театр, кино түгелдей адам бойындағы төмен мінез-құлықты дәріптейтін болады…

Біз адамдардың санасына азғындықты небір түрлерін ойлап тауып, сыналап кіргізетін барлық өнериелеріне барлық жағдайды жасаймыз. Мемлекет билігіне бейберекеттік тудырып, тәртіпсіздік орнатамыз.

Біз білдіртпей бірақ үнемі, белсенді түрде шенеуніктердің есер соқ, жемқор мінезін қалыптастыруға ықпал жасаймыз. Бюрократияшыл, қағаз бастылық, мінезбен дандайсығандар қайраткерлікке баланатын болады… Адал, ар-ұжданы барлар ескіліктің қалдығы ретінде әжуаға айналып, ешкімге керегі жоқ болады. Арсыздық пен бетпақтық, өтірік пен алдау, маскүнемдік пен нашақорлық, сатқындықты өршітеміз…

Тек аз ғана адамның санасы не болып жатқанын бағдарлап, түсіне алады. Бірақ біз ондай адамдарды күлкіге айналдырып, не бір айла амалдармен жала жауып, қоғамға қажетсіз адам ретінде көрсетеміз.

Рухани тамырларды түбімен қопарып алып тастаймыз. Біз бір буыннан кейін екінші буынды алға бастырмай шатқаяқтатамыз. Адамдар санасына әсер етуді олардың жасөспірім кезінен, тіпті бала кезінен бастаймыз. Жастарды құрту арқылы үлкен табыстарға жетуге болады. Жас буынды бөлшектеп, азғындап оларды арам, көргенсіз және космополиттерді жасап шығарамыз…»

Даллестің армандап отырғаны грек тілінен тікелей аударғанда «Әлем азаматы» деген мағананы білдіреді. Әлем азаматы қай ұлттан шықса да рухани құндылықтары – тілі мен діні, туған тарихы мен жалпы ұлттық салт-санасынан аттап өтіп, бірден әлемдік, жалпы азаматтарға ортақ құндылықтармен өмір сүреді. Бұны құндылық деуге де болмайды, азғындықтың ақырғы болмысы деуге де болады. Ол адамдардың көпшілігінің өзінің туған тамырын, ұлтын, дінін, тілін, рухани құндылықтарын мойындауға құлқы жоқ. Тіпті ол үшін уақыт бөліп жатуды артық санайды. Ал өзі ұқсағысы келген жұрттың тілін, болмысын аз уақыттың ішінде сіңіріп алуға дайын. Космополиттер өз ойларында әлемдік барлық ұлттарда кездесетін ұсақ мәселелерді шешуді емес керісінше ұлттық-мемлекеттік сипаттардан бас тартуды насихаттайды. Қай жерде тұрмыс кешіп, өмір сүруді өздері таңдайды.

Космополитизм дүние танымы ретінде антикалық дәуірде дүниеге келді. Диоген, Эпикет, Китион, Сократ сияқты философтар насихатталған космополитизм ірілі-ұсақты тайпалар мен адамдар тобының сол кездегі саяси бытыраңқылығын жою үшін қажет болды.

Космополитизм пайда болған сәтінен бастап тура қазірге дейін басымдылыққа ие елдердің саяси идеологиялық қаруының ішіндегі ең пайдалысы, табыстысы.

Қорыта айтқанда бұл «Даллес жоспары» қазақ елінде барынша қуат пен күшке ие болып, сонау өткен ғасырдан бері коммунистік лагері кезінен бері өз нәтижесін пәрменді түрде жүзеге асырып келеді. Демек бұл әрбір ұлттық санаға ие азаматтарды ұйқысынан оятып, бір күнде кешікпестен қарсы тұруын керек етеді. Қазақты рухани ағартушылықпен, кіріккен дерттен жедел сауықтыру тиіс екенін көрсетеді. Қазақияға меңдеткен ұйқыдан тезірек ояну керек екенін тағыда шегелеп айтуға мәжбүр боламыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*