Home » Желтоқсан көтерілісінің салдары » Желтоқсан көтерілісінің салдары

Желтоқсан көтерілісінің салдары

Ұлт тәуелсіздігі мүддесінің үнін аспандатар сәт туғанда намыстың найзағайы болып жарқ етіп рухани сәулесімен санадағы түнекті сілкіп, барша ғаламды елең еткізді. Империялық саясаттың соңғы құрбандары Қайрат, Ләзат қатарлы жастардың есімдері ғасыр көкжиегінде жарық жұлдыздай мәңгі қалып қойды. Бұл көтерілістің салдары қыршын жастардың ерлігімен қылышынан қан тамған Ресей сияқты алып империяның жүзіне ұрылған тосын соққы болғаны шүбасыз. Отаршылдық-тоталитарлық жүйеге қарсы Қазақстаннан бастау алған қозғалыс кешікпей Балтық жағалауы, Кавказ, Шығыс Еуропа елдерін оятты. Сөйтіп ССРО үкіметіне ұлт мәселесіне, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына жаңаша қарауға мәжбүр етті. Ауғаныстаннан, Шығыс Европа елдерінен Совет әскерлерінің әкетілуі, соғыс блоктарының арасындағы теке-тірестің бәсеңдеп, дүниежүзілік ядролық апат қаупының сейілуі – осының бәріне ССРО-дағы «қайта құру» саясатына үлкен қозғау салған Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің әсері болды. Оның салдары бүгінгідей жарқын тәуелсіздікке шынайы жол ашты. Тіпті бүкіл дүниежүзі елдерінеде бостандыққа ұмтылыстың ақырғы нәтижесін көрсетуіне пәрменді үлгі, ұлттық бостандықтың нақты механизымын көрсетті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*