Home » Желтоқсан көтерілісінің шығу себебі » Желтоқсан көтерілісінің шығу себебі

Желтоқсан көтерілісінің шығу себебі

1986 жыл – қазақ халқы үшін бір жағынан қасіретті, екінші жағынан тәуелсіздікті әкелген қасиетті жылдар болды. Д. Қонаевты орынан алып, Колбинды әкелген кезде көкірегі ояу, көзі ашық азаматтар ақиқаттың талаптарын қоя бастады. Оларды тоталитарлық жүйе өлтіретінін өлтіріп, қамайтынын қамап, із-төзсіз күйге түсірді. Бұл қазақ тарихындағы 300-ге тарта 3 ғасырлық тарихтың шешуші кезеңі болды. Мұның шығуы, адам айтқысыз социялистік лагердің ішіндегі аз ұлттарды тамырымен қопарып жоюуға бағытталған кеңестік змиян саясаттың кесірінен көтерілген әділетті қан төгіс болатын. Қазақ халқын өз жерінде отарлап, геноцитке ұшыратып, ақыры ұлттың тілін, дінін, ділін жоюуға бағытталған шешуші кезеңінде санасы өр ұлттың жастарының көтерілген әділетті сұраған қозғалыс болатын. Ұлтсыздандырудың пәрменді механизымын ойлап тауып, тұншықтыра бастаған кезеңіндегі болашаққа есік ашқан Кеңестік жүйеге ұрылған сойыл деп қарауға болатын. Бір ғана Қазақстан ғана емес, ТМД елдеріндегі аз ұлттардың бәріне үлгі болған тәуелсіздік үшін күрестің бірі әрі бірегейі еді. Демек бұл кездегі халық наразылығының себебі, тек сырттан басшы тағайындалғандықтан емес, Ресейдің ғасырға созылған отаршылдық саясатына қарсылық екендігін сезіну әрбір саналы адамға анық еді. Айтпағымыз, қазақ халқының ежелден қанында бар жаунгерлік рухын, ғасырлар бойы тұншықтырғанымен, генафонда ақыры солай бірақ сәтте теуіп шығып, ұлы бостандықтың есігін айқара ашты. Құрлықтың алтыдан бірін құрап отырған, Ресей мемлекетін састырғанмен қатар барлық әлем халқына өр даңқымен шарлап кетті.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*