Home » Желтоқсан күрескерлері естеліктері » М.С.Горбашевка Арал мәселесімен кіремін деп, Желтоқсан мәселесін айттым

М.С.Горбашевка Арал мәселесімен кіремін деп, Желтоқсан мәселесін айттым

М.С.Горбашевка Арал мәселесімен кіремін деп, кіріп алған соң Арал туралы бір сөз айтпай бастан аяқ Желтоқсан мәселесін айттым. Онымен келіспей қалған кездеріміз көп болды. Маған күш те көрсетті. «Сенің аузыңды жабам» деді. Оның сөзін Б.Ельцинге айттым. Ол мені қолдап:

– Өзімнің адамдарымды саламын, бізде бұл мәселемен айналысамыз, – деді. Кейбір мәселелерді де оның ішінде Желтоқсанды да ол КГБ арқылы біліп отыратын. Б.Ельцин болмағанда мені өлтіріп жіберетін еді.

«Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 1986 жылы Алматы қаласында 17-18 желтоқсан күндері болған оқиғаға байланысты комиссияның қортындылары негізгі қаулы шығарды. Комиссияның тең төрағасы, халық депутаты М.Шаханов пен Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне берген мәлімдемені талқылай отырып, 1986 жылғы Алматы қаласындағы қазақ жастарының алаңға шығуы ұлтшылдық және басқа стадиясында бастапқы заңға қайшы сипаттар болмағанын айтады. Қазақ жастарының наразылық білдіруінің негізгі себебі Қазақстан компартиясы орталық Комитеті бірінші хатшысының халықтық және республикалық басшыларының пікірлерімен ашық түрде санаспау болды» делінген. Сол кезде Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезде М.С.Горбашетің өзін кіналап, баға берген болатын. Бұдан артық баға болмайды.

Халық жазушысы М.Шаханов

Сіз не дейсіз оқырман?

Сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылғандарды міндетті түрде толтырасыз *

*